ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖАҢА ҚАРҚЫН АЛДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖАҢА ҚАРҚЫН АЛДЫ

 

   Бала кезімізден сүйіп тыңдап, оқып өскен халық ертегілерінің көпшілігінде «жеті басты айдаһар», «жеті басты жалмауыз» деген жағымсыз әрі қорқынышты кейіпкерлер болғанын жақсы білеміз. Қарапайым халықтың қанын соратын осындай құбыжықтармен алысқан батырлар әлгі тажалдың бір басын шауып түсіріп, енді бір басымен алысып жатқанда ана шабылған бастың орнына жаңа бір бас өсіп шығады екен делінетін әлгі ертегілерде.

   Бүгінде Қазақстан экономикасы мен қаржы-қаражат салаларын жегі құрттай жайлаған сыбайлас жемқорлық дерті де осы жеті басты аждаһа сияқты. Бірін әшкерелеп, соттап, құртып жатсаң, енді бірі қайта бас көтереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаншама қажыр-қайрат танытқанмен, ел экономикасын майшелпек жасаған азғындық әрекеттер тыйылар емес.

   Күні кеше өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлеңкелі экономикамен күресу үшін жаңа агенттік құруды тапсырды. Бұған қоса мемлекет басшысы Қазақстандағы көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жаңа агенттікке қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялар мен өкілеттіктер берілмек.

   Осылайша мемлекет басшысының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тың серпін беріле бастағанын байқап отырмыз. Енді осы бастамалардың жемісті болуын тілеп, күллі халық Үкіметке үміттене көз тігіп отыр.

   Жаңа агенттіктердің түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күресі нәтижесінде алдағы 4 жылда көлеңкелі экономиканың үлесі 15 пайызға азаюы тиіс деген болжам жасалынуда.

   Дүниежүзілік банк өкілдерінің мәліметінше Қазақстандағы кәсіпорындардың 40 пайызы өз табыстарын жасырып қалады  екен. Мемлекет бюджетіне түсуі тиіс алым-салықтың қаншамасы жеке қалталарға кетіп жатқанын осы көрсеткіштен-ақ аңғаруға болады.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Transparency International жаһандық қозғалысы жариялаған сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан алғаш рет 38 балл жинап, 180 мемлекеттің ішінен 94-орынға ие болды.  Сирия, Сомали, Оңтүстік Судан сияқты мемлекеттердің тиісінше 14, 12 ұпайдан еншілегенін ескерсек, Қазақстан көрсеткішінің аса мақтанарлық емес екенін байқаймыз.

   Өз өнімдерімізді шығаруға бас қатырмай, дайын дүниелерді шетелден тасуға әбден әккіленіп бара жатқанымыз да Президент назарынан тыс қалмапты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатқыл ескерте келіп, былай деді:  «Бюджеттің триллиондаған қаржысын импортқа жұмсауға қақымыз жоқ. Сондықтан бюджеттің әкімшілері тікелей жауап береді. Бұл орайда бізге «семіз» цифрлар қажет емес. Маңыздысы – дұрыс есептеу. Қазақстанда тіркелген заңды тұлғаның кез келген өнімі жиі есепке алынатыны туралы ақпарат бар. Ол өзінің тауарын жеткізе ме, әлде импорттан әкелеме, оны бақылап отырған ещкім жоқ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілген цифрларды бекітілген әдістемеге сәйкес қайта тексеруді тапсырамын».

   Кеңейтілген отырыс барысында бұдан басқа да көптеген шешуі жеткен маңызды мәселелер көтеріліп, Үкіметке нақтылы тапсырмалар берілді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму  министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының жетекші сарапшысы К.Құныпияұлы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.