2020 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

2020 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

  1. «Электрондық үкімет» порталында 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисін іске асыру туралы;
  2. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлау алдындағы үгіт кезеңінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы;
  3. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы;
  4. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын қарау туралы;
  5. Сайлау комиссиясының  үй-жайында  және  дауыс  беруге  арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы;

Бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкес әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарылғаны туралы, сондай-ақ тізімдегі сайлаушы туралы деректерде жіберілген дәлсіздіктер туралы шағымдануға құқылы екенін хабарлады.

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанынан бастап азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысуға, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік берілді.

Азаматты нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оны осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажет. 2019 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасында мекенжай анықтамасын ұсыну жөніндегі мемлекеттік қызметтің күшін жойғанын ескере отырып, Орталық сайлау комиссиясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисін іске асыру мәселесін пысықтады. Осылайша, 4 071 сайлау учаскесінде сайлау комиссияларының мүшелеріне Е-gov порталы арқылы азаматтарды тіркеу орны туралы ақпаратқа қол жеткізу ұйымдастырылады.

            Сайлаушылар тізімінде азамат анықталмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі азаматтың жазбаша өтініші негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді онлайн сервис арқылы тексеруді қамтамасыз етеді.

Онлайн-сервис парақшасында өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскесі шекарасының аумағында тұрақты тіркелгені туралы мәліметтер расталған кезде, учаскелік сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

Өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесінің шекараларында тұрақты тіркелгені туралы мәліметтер расталмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылар тізіміне енгізуден бас тарту туралы дәлелді шешім қабылдайды және өтініш берушіге оның көшірмесін береді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Ортсайлауком мүшелері ОСК бірлескен қаулысы мен Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисін іске асыру туралы» бұйрығын қабылдады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев сөз сөйледі. Ол сайлау алдындағы үгіт кезеңінде Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштерді қарау процесі туралы баяндады.

Мәселен, баяндамаға сәйкес ағымдағы жылдың 10 және 28 желтоқсан аралығында Орталық сайлау комиссиясына 29 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 12 – заңды тұлғалардан, 3 – бұқаралық ақпарат құралдарынан,  14 - жеке тұлғалардан. Келіп түскен өтініштердің сипаты бойынша – 76% (22) – сайлау заңнамасын түсіндіру туралы; 7% (2) – сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру туралы; 17% (5) - өтініштер.

Көрсетілген кезеңде келіп түскен 29 өтініштің ішінен: ОСК аппараты 12 өтінішке белгіленген мерзімде өтініш берушілерге толық жауап берді; 5 өтініш заңнамаға сәйкес қараусыз қалдырылды: олардың ішінде 4 азаматтың өтініштері, өйткені оларда мәселенің мәні баяндалмаған, сондай-ақ жаңа дәлелдер жазылмаған бір қайталап түскен өтініш. 12 өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ.

Бұдан басқа, 2020 жылғы 22 қазан мен 28 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға Қазақстан Республикасының 11 заңды тұлғасынан қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізу туралы хабарламалар келіп түсті. Ортсайлауком осы хабарламаларды, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін қараған кезде 10 заңды тұлғада құжаттар сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

Сондай-ақ Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясы басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бойынша шаралар жүйесін құрғанын хабарлады. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің басым көпшілігі сайлау заңнамасын түсіндіру мәселелеріне қатысты екенін ескере отырып, Әділет министрлігі ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап халыққа, ұйымдарға республика үшін бірыңғай 119 нөмірлі құқықтық ақпараттық қызмет ретінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК базасында жұмыс істейтін Сall-орталық арқылы құқықтық консультациялар беріп келеді. Call-орталықтың қызметі шеңберінде әртүрлі коммуникация арналары (телефон байланысы, дауыстық бот, виртуалды кеңесші, WhatsApp онлайн-мессенджері) және «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-анықтамалық жүйесінің платформасында «Құқықтық кеңес алу» айдары арқылы оператор-консультанттардың жұмысы ұйымдастырылды.

Отырыстың үшінші мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады. Ол 2020 жылғы 22 қазанда сайлауды халықаралық бақылау институты ашылғаннан бері Ортсайлауком 6 халықаралық ұйым мен 18 шет мемлекеттен 276 байқаушыны аккредиттегенін хабарлады.

2020  жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 7 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 98 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды.

Жеті халықаралық ұйымнан 72 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды, оның ішінде: ТМД-дан байқаушылар Миссиясы – 29 байқаушы; ТМД Парламенттік Ассамблеясы – 19 байқаушы; Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі – 7  байқаушы; ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы – 6 байқаушы; ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі Миссиясы – 1 байқаушы; ШЫҰ-дан байқаушылар Миссиясы – 1 байқаушы; Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы – 9 байқаушы.

11 шет мемлекеттен 26 кандидатура аккредиттеуге ұсынылды, оның ішінде: бес шет мемлекеттен – 1 байқаушыдан (Мажарстан, Испания Корольдігі, Палестина Мемлекеті, Польша Республикасы, Чех Республикасы); үш шет мемлекеттен – 2 байқаушыдан (Италия Республикасы, Француз Республикасы, Эстония Республикасы); Украинадан – 4 байқаушы; Германия Федеративтік Республикасы – 5 байқаушы; Бельгия Корольдігі – 6 байқаушы.

Сайлау науқаны басталғаннан бері барлығы 9 халықаралық ұйымнан 374 байқаушы аккредиттелді (ТМД ПАА - 48; ТМД ИК - 177; ИЫҰ - 4 ДИАҚБ/ЕҚЫҰ – 39; ЕҚЫҰ ПА – 9; ШЫҰ – 15; ТМЫК – 7; ҰҚШҰ ПА – 6; ТүркПА – 9 және 26 шет мемлекеттер (Иордания, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Молдова, Түркия, Әзірбайжан, Армения, Индонезия, Өзбекстан, РФ, Румыния, Үндістан, Филиппин, Венгрия, Испания, Норвегия, Франция, Швейцария, Польша, Ресей Чехия, Италия, Эстония, Украина, Германия, Бельгия, Палестина).

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күнінен бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады, яғни 2021 жылғы 4 қаңтар күнгі сағат 18.00-де аяқталады.

Ортсайлаукомның 3-ші мәселесін қарау қорытындысы бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылданды. Қаулы а.ж. 23-29 желтоқсан аралығында ұсынылған бақылаушыларды қамтиды.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов сөз сөйледі.

Оның баяндамасына сәйкес, халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дауыс беру күні сайлау процесінің барлық қатысушылары:

1) сайлау учаскесіне келген кезде бір реттік медициналық немесе қорғаныс маскалары мен қолғаптарын кию режимін сақтау қажет;

2) сайлау учаскесінде орнатылған қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құралы бар санитайзерлерді пайдалану қажет;

3) бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет;

4) қол алысудан немесе тікелей байланыстың басқа түрлерінен аулақ болу қажет;

5) жеке автоқаламдарын пайдалану қажет.

COVID-19 таралу қарқыны бойынша қызыл және сары аймақтарда орналасқан өңірлерде сайлау комиссияларының барлық мүшелері, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар дауыс беру күні, сайлау өткізу басталғанға дейін 5 тәуліктен ерте емес уақытта ПТР-тест әдісімен зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Сайлау учаскесіне зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдар жіберілмейді.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дауыс беру күні сайлау процесіне қатысушылардың барлығы тиісті өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауы тиіс.

Отырыстың қорытынды мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады.

 Ол «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Ортсайлаукомның 2007 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен № 90/174 партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттың бірыңғай форматы белгіленгенін баяндады.

Ортсайлауком отырысында осы қаулыға мынадай өзгерістер енгізілді:

1) партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттың көлемі ұлғайтылып, А3 форматында айқындалады (яғни 42 х 29,7 сантиметр). Бұл сайлаушылар үшін ыңғайлы және көрнекі.

2) саяси партия жарғыда көзделген партияның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат беретіні белгіленді.

3) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың жалпы көлемі толық көрсетілген (A4  бір парағынан көп емес, өлшемі 14, Times New Roman қарпі, бір жоларалық  интервал арқылы, баспа белгілерінің жалпы саны 2000-нан артық емес.

Енгізілген өзгерістер сайлаушылар үшін көрнекі және ыңғайлы форматта ақпараттық плакаттар дайындауды көздейді.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өтті, онда Ортсайлауком мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді. 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.