Сайлау алдындағы пікірсайыстар мен есептен шығару куәліктері туралы

Сайлау алдындағы пікірсайыстар мен есептен шығару куәліктері туралы

2020 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған саяси партиялардың, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Хабар» агенттігінің, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста екі мәселе қаралды:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы;
  2. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ортсайлауком төрағасының  орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Ол сайлау заңнамасына сәйкес, сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде а.ж. 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 9 қаңтардағы сағат 18-00-ге дейін дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға құқылы екенін хабарлады. Есептен шығару куәлігін тиісті сайлау комиссиясы өтініш пен жеке куәлікті ұсыну негізінде береді. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні сайлаушыны оның болатын жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді. Сайлаушының есептен шығару куәлігін алуға берген өтініші сайлаушылар тізіміне қоса беріледі және оны тиісті сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімінен шығару үшін негіз болып табылады. Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді, сондай-ақ олардың телнұсқалары берілмейді.  

Сайлаушы, егер есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде берілген болса, сайлаушылардың тізіміне енгізілмейді.  Егер есептен шығару куәлігін басқа сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясы берсе, сайлаушы облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алмайды.

Сайлаушы есептен шығару куәліктерінің әр түрлі санын ала алады және ол тұрған жері бойынша сол жердегі сайлау округтерінің шегінде жарамды есептен шығару куәліктерінің санына тең сайлау бюллетеньдерінің санын алады.

Мәселен, сайлаушы облыстың бір ауданының шегінде өзінің болатын орнын ауыстырған кезде сайлаушы Парламент Мәжілісінің, облыстық мәслихаттың және аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлауға қатыса алады және тиісінше болатын жерінде үш есептен шығару куәлігінің орнына – үш сайлау бюллетенін алады.

Сайлаушы өзінің бір облыс (бірақ басқа аудан, қала) шегінде болатын орнын ауыстырған кезде, ол Парламент Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады және тиісінше болатын жерінде екі есептен шығару куәлігінің орнына – екі сайлау бюллетенін алады. Облыстан тыс жерлерде сайлаушы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысады және тиісінше болатын жерінде бір есептен шығару куәлігінің орнына – бір сайлау бюллетенін алады.

Берілген есептен шығару куәліктерін есепке алуды жетілдіру мақсатында бір мезгілде бірнеше сайлау өткізген кезде Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың әрбір түрі бойынша есептен шығару куәлігінің әр түрлі түсін белгілейді, әрбір есептен шығару куәлігінде сайлау науқанының атауы көрсетіледі.

Бірінші мәселені қарау қорытындысын шығара отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев сайлаушыларды құқықтық белсенділік танытуға, өзінің белсенді сайлау құқығын іске асыру үшін заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шақырды.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

Ол сайлау заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың бір тәсілі сайлау алдындағы жария пікірсайыстар өткізу болып табылатынын хабарлады.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар телевизиядағы Ортсайлауком ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен бекітілген. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарының 4-тармағына сәйкес Ортсайлауком пікірсайыстарды өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде телеарнаны айқындайды және оларды партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың пікірсайыстарын өткізу күні, уақыты мен орны туралы жазбаша хабардар етеді.

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Орталық сайлау комиссиясы пікірталасты 2020 жылдың 30 желтоқсанында өткізу туралы қаулы қабылдады.

Телеарнаны анықтау туралы ОСК-ның жазбаша сауалына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Хабар» телеарнасының эфирінде телевизиялық сайлауалды пікірсайыстарын өткізуді ұсынды. «Хабар» телеарнасы саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайыстарын өткізу регламентін әзірлеп, келісу үшін ОСК-ға жіберді. Регламент жобасында дебаттарды өткізу тәртібі көзделген. Атап айтқанда, қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар, сөз сөйлеу кезектілігі, өткізу тілі мен ұзақтығы. Регламент жобасы «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына, сондай-ақ сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес келеді.

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының «Хабар» агенттігінде телевизиялық пікірсайыстар өткізу туралы қаулысы қабылданды, пікірсайыстар өткізу регламенті келісілді, сондай-ақ кандидатуралары саяси партиялармен айқындалған телевизиялық пікірсайыстарға қатысушылардың келесі құрамы бекітілді:

1) «ADAL» саяси партиясынан – партияның саяси кеңесінің мүшесі Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы;

2) «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан - партия төрағасы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;

3) «Ауыл» халықтық - демократиялық патриоттық партиясынан - партия төрағасы Бектаев Әли Әбдікәрімұлы;

4) Қазақстан Халық партиясынан - партия төрағасы Қоңыров Айқын Ойратұлы;

5) «Nur Otan» партиясынан - партия төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өтті, онда Ортсайлауком мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.