Қазақстан мен Италияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары өз қызметін жетілдіру бойынша идеялармен алмасты

Қазақстан мен Италияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары өз қызметін жетілдіру бойынша идеялармен алмасты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Италияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық басқармасының президенті Джузеппе Бусиямен онлайн кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы итальяндық әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформалармен таныстырып, саяси трансформацияның маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның өлім жазасын жоюға, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдауға, жала жабуды декриминализациялауға және парламентаризмді күшейтуге бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің факультативтік екінші хаттамасына қосылу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуын болдырмау, шетелдік банктердегі шоттарды иеленуге тыйым салу және құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту бөлігінде соңғы новеллаларды атап өтті.

Өз кезегінде Джузеппе Бусия Агенттіктің жүргізіп жатқан жұмысына оң баға беріп, саяси ерік-жігер мен соңғы 1,5 жылда қабылданған серпінді шараларды атап өтті.

Кездесу барысында шетелдік әріптестер өз ведомствосының Италияның құқықтық жүйесіндегі рөлі туралы айтып берді. Бұл орган сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған, оның ішінде мемлекеттік органдардың тиісті үш жылдық жоспарларды орындауын бақылауды жүзеге асырады. Ол сондай-ақ мүдделер қақтығысы мәселелерін реттеу мен хабардар етушілерді қорғауды және мемлекеттік органдар қызметінде ашықтық қағидаттарын іске асыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық мәдениетін ілгерілетуге жауапты.

Италияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда өткізілетін Мемлекеттік сатып алулардың баға комплаенсінен бастап қол қойылған актілерді тексеруге дейінгі толық циклін бақылау құқығына ие.

Еурокомиссия бюджет қаражатының шығыстарын бақылаудың үздік құралы ретінде таныған Мемлекеттік келісім-шарттардың ұлттық тізілімі қызығушылық тудырады. Бұл ресурста соңғы 13 жылдағы деректер сақталған. Бұл терең ретроспективті талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қызықтыратын тақырыптар бойынша нақты кеңестер өткізуге келісті.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.