2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған саяси партиялардың, Бас прокуратураның, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста үш мәселе қаралды:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі туралы;
  2. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы;
  3. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

Ол партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт 10 желтоқсанда сағат 18.00-де басталып, 2021 жылғы 9 қаңтарда сағат 00-00-ге дейін жалғасатынын хабарлады.

Сайлау алдындағы үгіт-сайлаушылардың белгілі бір саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге қандай да бір саяси партияны кедергісіз жақтап немесе оған қарсы сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.

Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға: 1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына; 2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға; 3) сайлау комиссияларының мүшелеріне; 4) діни бірлестіктерге; 5) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік БАҚ) және халықаралық ұйымдарға таратуға жол берілмейді.

Сайлау алдындағы үгіт: 1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы; 2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу жолымен; 3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен жүзеге асырылады.

БАҚ арқылы үгіт жүргізу.

Мемлекет сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең жағдайларына кепілдік береді.

БАҚ-тағы сайлау алдындағы үгіт деп: 1) саяси партияларды жақтап (немесе қарсы) дауыс беруге шақыру; 2) қандай да бір саяси партияға қатысты артықшылық; 3) саяси партияларды сайлаудың немесе сайламаудың ықтимал салдарларының сипаттамасы; 4) қандай да бір саяси партиялар туралы оң не теріс түсіндірмелермен ұштастыра отырып, анық басым мәліметтер қамтылатын материалдарды шығару (эфирге шығару) жөніндегі қызмет танылады.

Үгіт материалдарын орналастыру үшін БАҚ эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жариялануға және ОСК-ға ұсынылуға тиіс. Қазіргі уақытта ОСК-ға БАҚ-тан 216 ақпараттық хабарлама келіп түсті, барлық хабарламалар Ортсайлаукомның интернет-ресурсында орналастырылды.

Өздерінің баға ұсыныстарын ұсынбаған үгіт материалдарын республикалық және өңірлік БАҚ-та жариялауға тыйым салынады. Аталған норманы ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-тармағына сәйкес бұзу 30-дан 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарыда аталған мәліметтерді ОСК-ға жариялаған және ұсынған бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді. Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына уәкілетті адам қол қойған жазбаша өтініш баспасөз алаңын немесе эфирді шарттық негізде беруге негіз болып табылады. Шарттың талаптары қандай да бір саяси партияның артықшылықтарын жасамауға тиіс, ал бір саяси партияға берілген эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бөлуге келісім басқа партияларға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бөлуге келісім болып табылады. Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық партиялар үшін бірдей болуға тиіс. Саяси партиялардың телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге және сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздерінен кейін сол нөмірде түсініктеме жасауға тыйым салынады.

Сайлау алдындағы үгіт басталған кезден бастап жаңалықтар мен аналитикалық бағдарламаларын қоспағанда, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын барлық ақпаратқа партияның сайлау қорынан ақы төленуге тиіс.

Саяси партиялар бұқаралық ақпарат құралдарына үгіт материалдарын ұсынған кезде олардың Конституция мен ұлттық сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады, яғни оларға сайлау туралы заңның барлық ережелері қолданылады, демек, интернет-ресурстарда үгіт материалдарын орналастыру мониторингі дәстүрлі БАҚ-қа ұқсас жүзеге асырылатын болады.

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, мысалы, «үнсіздік күні» интернет-ресурстарға тиісті шаралар қабылдануы мүмкін.

Үгіт - көпшілік сайлау алдындағы іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Үгіт кезеңінде саяси партиялар мен кандидаттардың митингілер, шерулер, демонстрациялар және өзге де сайлау алдындағы іс-шаралар ұйымдастыруына және өткізуіне жол беріледі. Заңнамаға сәйкес мұндай іс-шаралар өткізілгенге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс.

Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу кезінде сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, оның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды тегін таратуға жол берілетінін есте ұстаған жөн.

Қалғанының бәрі-сайлаушыларға тегін немесе жеңілдікті шарттармен тауарлар, қандай да бір қызметтер, бағалы қағаздар беру, сондай - ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру-сайлау алдындағы жөнсіз үгіт деп танылады, оны жүргізуге тыйым салынады.

Үгіттеу - баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен жүзеге асырылады.

Барлық үгіт баспа материалдарында мынадай мәліметтер болуға тиіс: осы материалдарды шығарған ұйым, олардың басылған жері, таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, сондай-ақ қандай қаражаттан төленгені туралы.

Үгіт баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде дайындауға, анонимдік үгіттеу материалдарын таратуға тыйым салынады.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындайды және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Баспа үгіт материалдары барлық саяси партиялар үшін тең құқықты қамтамасыз ететін жағдайларда орналастырылады. Саяси партиялар үгіттік баспа материалдарын тиісті объект иесінің рұқсатымен өзге де жерлерде іліп қоюға құқылы.

Үгіт материалдарын ескерткіштерге, обелисктерге, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға іліп қоюға тыйым салынады.

Саяси партияның сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты қызметтер көрсететін барлық жеке және заңды тұлғаларда олардан көрсетілетін қызметтерді қабылдауға жазбаша келісімі болуға тиіс. Жазбаша келісімі жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Қоғамдық пікір сауалнамалары.

«Сайлау туралы» КЗ нормаларының талаптарына сәйкес қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша түрде ОСК-ға алдын ала хабарлай отырып жүргізуге құқылы. ОСК-ға жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау жүргізген заңды тұлғаны, сұрау салуға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген адамдарды, сұрау жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сұрау салынғандардың саны мен сұрау салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні тиым салу енді Интернет желісіне де қолданылады.

Сауалнама жүргізетін адамдар осы тыйым салынған кезеңде нәтижелерді жариялау үшін интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді пайдаланбауға тиіс. Бұл норма қоғамдық пікірді, атап айтқанда, Интернет желісінде жалған хабарламалар жасау және тарату арқылы айла-шарғы жасауға жол бермеу үшін қарастырылған.

Бүгінгі күні Ортсайлаукомға қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарлама ұсынған 7 заңды тұлғаның құжаттары сайлау заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келеді.

Сайлау күні және оның қарсаңындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады. Сайлау алдындағы үгіт мерзімдерін, тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік, ал саяси партияларға қатысты партиялық тізімдерді тіркеудің күшін жоюға дейін көзделген.

Баяндама аясында А.Щегорцова Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы екенін хабарлады.

Осыған байланысты Ортсайлауком мүшелерінің қарауына «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу туралы» қаулы жобасы шығарылды, онда сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу күні - 2020 жылғы 30 желтоқсан болып белгіленді.

Жобаны қарау қорытындысы бойынша сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу туралы қаулыны Ортсайлауком мүшелері бірауыздан қабылдады.

Сондай-ақ, сайлауалды үгіт-насихат мәселесі аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев «2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлау алдындағы үгіт кезеңінде ақпараттық кеңістіктің мониторингі туралы. Әлеуметтік желілерде сайлау алдындағы үгіт жүргізу» тақырыбында баяндама жасады.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев: «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде сайлау заңнамасының дәл және біркелкі қолданылуын қадағалау туралы» баяндады.

ВКС режимінде Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов сөз сөйледі. Ол денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезінде covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шараларды бекіту туралы» қаулы әзірлегенін хабарлады. Қаулы Ортсайлауком мүшелерімен келісілді.

Екінші мәселе шеңберінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында үгіт баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу бойынша жүргізілген жұмыс туралы баяндады.

Отырыстың үшінші мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі А.Щегорцова сөз сөйледі

Ол 2020 жылғы 22 қазанда сайлауды халықаралық бақылау институты ашылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 62 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады. Аккредиттеуге ұсыныстардың түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.

2020 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен аккредиттеуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі Миссиясынан 24 ұзақ мерзімді бақылаушының кандидатуралары ұсынылды.

Осыған байланысты Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу жөнінде қаулы қабылдады.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өтті, онда Ортсайлауком мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.