ШҚО-да «Адал еңбектің жарқын бейнесі» атты суреттер конкурсының қорытындысы шықты
Шығыс Қазақстан облсының оқушылары Сыбайлас жемқорлыққа қызмет ұйымдастырған «Адал еңбектің жарқын бейнесі» атты онлайн суреттер байқауына қатысты, оның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ шығармашылық арқылы адалдықты, парасаттылықты насихаттау.
Жігер Байділдин, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары: "Аталған байқауды өткізе отырып, біз балалардың бұл мәселеге қаншалықты мән беретіндігін, олар үшін парасаттылық, адалдық құндылықтары қаншалықты маңызды екендігін байқадық. Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға белсенділіктері мен креативтіліктері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз".
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен салтанатты жиын барысында марапатталды. Байқау жеңімпазы Күршім ауданының оқушысы Серікболсын Перизат ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының мадақтамасымен марапатталып, сыйға смартфон алды. II орынды Катон Қарағай ауданының оқушысы Тлек Али ұтып алды, сыйға планшет берілді. III орын иесі Үржар ауданының оқушысы Бухарбекова Ақбота мадақтамамен және сымсыз құлаққаппен марапатталды.
Бұл оқушылар үшін "ар-ұждан бойынша өмір сүру" деген жай ғана сөз емес. Олардың адалдығынан еліміздің ертеңгі болашағы байланысты екенін олар қазірден ұғынатындығы олардың шығармашылығында байқалады.
[xfvalue_img]
21 пікір