ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЕМТИХАНДАР АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕГЕ СӘЙКЕС ӨТЕДІ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЕМТИХАНДАР АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕГЕ СӘЙКЕС ӨТЕДІ

Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындарында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары жағдайында оқыту қашықтықтан және аралас форматта жүргізіліп жатыр. Жалпы, жоғары оқу орындарында 150 мыңнан астам емтихан өткізу жоспарланып отыр. Қашықтан оқытуға көшуге байланысты емтихандар, негізінен, қашықтан өтеді.

«Интернет және компьютерлік техникасы жоқ студенттерге жоо жатақханаларында тұру мүмкіндігі туралы ақпарат алдын ала жіберілді. Оқу жылының басында жатақханаларда 15 мыңға жуық студент тұрса, қазіргі уақытта  шалғай өңірлерде интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ 7 мың студент жатақханаларда тұрып, білім алып жатыр.  Егер студенттің сапалы интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса және ол тапсырмаларды орындау қиын болатынын түсінсе, онда бұл жағдайда жатақханалардың есіктері ашық болады. Бұл ретте жатақханаларда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша барлық шаралар қабылданғанын атап өткім келеді», – деді Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Педагогика ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, журналистика, бизнес, басқару және құқық, қызмет көрсету және т.б. бағыттар бойынша емтихандар тестілеу, эссе жазу және жобалар қорғау форматында өтеді.

Курстардың ерекшелігі мен бағдарламалардың мазмұнын ескере отырып, инженерлік, өңдеуші салалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т.б. оқу бағдарламары бойынша емтихандар күндізгі форматта ұйымдастырылатын болады.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету және студенттерді бағалау жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР БҒМ шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жоғары оқу орындары аралық және қорытынды аттестаттау процедураларын прокторинг жүйесімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ студенттердің барлық жазбаша жұмыстарын басқа авторлардың мәтінінен көшіріп алуды анықтау жүйелері арқылы бірегейлікке тексеретін болады.

«Прокторинг – бұл емтихан кезінде көшіруді бақылайтын жүйе, ол жоғары оқу орындарында енгізілген.  Сонымен қатар, бұл жүйені жоо-лар пандемияға дейін енгізгеніне назар аударғым келеді. Себебі жоо-лардың бір бөлігінде қашықтан оқыту форматы болды,  тиісінше, прокторинг жүйесі қолданылды. Академиялық адалдыққа келетін болсақ, студент қосымша құралдарды пайдаланбай, өз білімінің арқасында емтиханды адал тапсыруы тиіс», – деп атап өтті Мирас Дәуленов.

Жоғары оқу орындарында SEB, Aero, Examus, Proctopus, Oqylyq, OES, live.atu.kz, Hesperus және т. б. жүйелер қолданылады. Сондай-ақ жоо-ларда басқа авторлардың жұмысын көшіріп алуды анықтайтын Антиплагиат, Plagiat.pl, Strikeplagiarism.com, Turnitin және Unihub сияқты жүйелер жұмыс істейді.

ЖОО-дағы барлық бақылау емтихандары академиялық күнтізбеге сәйкес өтеді. Күзгі семестрдің қорытындысы бойынша сессия 2020 жылдың желтоқсанында және 2021 жылдың қаңтарында өтеді. Әр жоо өткізу мерзімін өзі бекітеді.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.