Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Ресейден келген бірдей нөмірлі автомобильдерді анықтады
«Нұр-Сұлтан-Щучинск» және «Алматы-Қорғас» ақылы жол учаскелерінде бірегей мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен Ресей Федерациясының автомобильдері анықталды.
Бірдей нөмірлі автомобильдер ақылы тасжол бойынша жолақысын тексеру барысында анықталған.
«Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы учаскесінде H837HУ96rus нөмірлі «Toyota Estima» маркалы автомашина тіркелген, осы уақытта бірдей нөмірлі автомашина «Алматы- Қорғас» тасжолында жүріп өткен.
«Toyota Estima» және «Toyota Alphard» маркалы автомобильдермен осы секілді жағдай тіркелген. 0298УH96rus нөмірлік белгісімен «Toyota Estima» маркалы және M251TOrus нөмірлік белгісімен «Toyota Alphard» маркалы үш автомобиль жүретіні анықталды.
Барлық саптық бөліністерге бірдей нөмірлі машиналарды ұстауға бағдар жіберілді. Жол қозғалысын мониторингілеу барысында аталған автомашиналар елорда аумағында анықталды.
ПД мамандандырылған батальонның қызметкерлері мемлекеттік нөмірі 0298УH96rus «Toyota Estima» маркалы автомашинаны және мемлекеттік нөмірі M251TOrus «Toyota Alphard» маркалы автомашинаны ұстады.
Қазіргі кезде бірдей нөмірлі автомашиналардың жүргізушілеріне қатысты ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (көрінеу жалған құжатты қолдану). Аяқталысымен процессуалдық шешім қабылданатын болады. Автомобильдер айыппұл тұрағына қойылды. Қалған автомашиналар бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]