Әділет министрінің «Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасы туралы» мәселесі бойынша Үкімет отырысындағы баяндамасы

Әділет министрінің «Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасы туралы» мәселесі бойынша Үкімет отырысындағы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

 

Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының

екі мың жиырма бірінші жылға арналған жоспар жобасын әзірледі.

Жоспар жобасы Президент пен мемлекеттің стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер негізінде әзірленген. 

Жоспар жобасы он тоғыз заң жобасын әзірлеуді көздейді.

Олар сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеуге, биржалық сауда, көлік, жер қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық қорғау қызметі, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, волонтерлер қызметі және қайырымдылық, инновациялық және ғылыми-техникалық даму, биологиялық қауіпсіздік және басқада салаларды одан әрі дамытуға бағытталған.

Алдағы жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр. Олар «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы», «Әскери полиция органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобалары.

Бұдан басқа, алдағы жылы Мемлекет басшысының екі мың жиырма бірінші жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайтын екі заң жобасы Парламентке енгізілетін болады.

Олар «Қазақстан Республикасының биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары.

Жоспар жобасында көзделген он тоғыз заң жобанын ішінен Парламентке екі мың жиырма бірінші жылдың

бірінші-жартыжылдығында - бес, ал екенші-жартыжылдығында – он төрт заң жобаларын енгізу жоспарлануда.

«Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес Жоспар жобасы Мемлекет Басшысымен келісілуі тиіс. Жоспар жобасын Президент Әкімшілігіне енгізу ұсынылады.

Назарларыңызға рақмет.

Қолдауларыңызды сұраймын!

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.