Жастарға Заң туралы

Жастарға Заң туралы

 

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «2020 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда азаматтарды мерзімід әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысының  талаптарын орындау шеңберінде күзгі әскерге шақыру науқанында елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшілері мен Полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп әскерге шақыру комиссиясына келмей жүрген шақырылушыларды іздестіру және әскери міндеттілік тұрғысындағы заңнамалық актілер мен мекенжай бойынша тіркелу ережелерін түсіндіру жұмытарын өткізуде.

Аталған іздестіру шаралары жыл сайын көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқандарында тек елордада ғана емес, еліміздің бүкіл аймақтарында да өкізіледі.

Бұл туралы астаналық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Артур Қасқарауов былай дейді:

«Біз мобильді топтар құрып, халық көп жиналатын орындарды (сауда орталықтары, базарлар, ойын-сауық мекемелерін) аралап, әскерге шақыру жасындағы тұлғаларды іздеу және қаладағы қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында әскери есепте тұрмайтындарды анықтау бойынша ісшаралар өткізудеміз. Өңірлерден Елордаға келіп, мекенжай бойынша тіркелу ережелерін бұзып жүрген жастар аз еместігі де анықталуда. Сәйкесінше егер мекенжайға тіркелмеген болса – әскери есепке де тұрмаған болып шығады. Бұрынғы тұрғылықты мекенжайлары бойынша әскери есептен шықпай елорда немесе мегаполистерге кеткендіктен басқа өңірлердегі әскерге шақыру пунктері оларды іздестіріп таба алмай жүр. Біздің және Полиция департаментімен бірлесіп өткізетін ісшараларымыздың натижесінде қалаға келіп жатқан бірқатар азаматтардың әскери есебі мен мекенжайға тіркелу мәселесі де шешіліп жатады. Сонымен бірге, шақыру жасындағы азаматтар әскерге шақыру пунктеріне дәрігерлік комиссия өтуге бағыталады. Әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ жастар әскерге шақыру комиссиясының шешімімен Отан алдындағы өздерінің конституциялық міндеттерін атқаруға жіберіледі. Бірлескен жұмыстарымыздың нәтижесін сараптасақ, іздестіру рейдтері кезінде анықталған әскерге шақырылушылар жыл сайын елордадан мерзімді әскери қызметке жөнелтілген жас сарбаздардың 20-25% құрайды. Сонымен бірге, аталған ісшаралар елордаға келген жастардың шаруамен қамтылуына оң ықпалын тигізуде».   

  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 12

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.