Елордада азаматтарды күзгі әскери мерзімді қызметке шақыру басталды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жиын пунктінде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды.
Жалпы осы күзде Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Ұлттық ұлан әскери бөлімдері қатарына Отан алдындағы борышын атқару үшін аттанатын болады. Осы мақсатта 18 бен 27 жас аралығындағы жалпы саны 9 000 ер азаматты әскерге шақыру дәрігерлік комиссиясының сараптамасынан өткізу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті штаб бастығы полковник Айдын Сағынбеков:
«Күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айынан бастап желтоқсан айының аяғына дейін жүргізілетін болады. Жас сарбаздардың алғашқы тотарын келесі аптадан бастап әскери бөлімдерге жібереміз.
Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Сол себепті әскеріміздің қатарын жас сарбаздармен толықтыруды сапалы жүргізуге аса көңіл бөлудеміз. Шақырылушылардың дәрігерлік комиссия өтуі және әскери командаларды жасақтау кезінде пандемияның алдын алу шараларының барлығы қатаң қолданылып, әлеуметтік қашықтық сақталынатын болады. Сақтану шаралары көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде де іске асырылған болатын, тәжірибеміз бар.
Елордамыздан шақырылған сарбаздарымыз елдің қорғаныс қабілеттілігіне өз үлестерін қосып, әскери қызметтерін үздік атқаратынына сеніміміз мол!»
[xfvalue_img]