ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНА ДӘРІХАНАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері пандемияның екінші толқыны жағдайына дәріханалардың дайындығына мониторинг жүргізуде. Жобалық кеңсе менеджері Д. Кенжеғазин Өскемен қаласының орталық көшелерінде орналасқан бірнеше дәріханаларды аралады.
- Өздеріңіз жақсы білесіздер, өңірімізде дәрі жетіспеушілігі орын алған болатын. Кейбір алыпсатарлар оны шектік бағасынан асырып сатқан жағдайларда анықталды. Осы жағдайлар қайтадан орын алмас үшін, біздің жобалық кеңсе дәріханаларға барып, дәрі қорының жеткілікті болуын қадағалап, шектік бағадан асырмай сатуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, - дейді жобалық кеңсе менеджері Д. Кенжеғазин.
Аталған мониторинг облысқа қарасты барлық қала, аудандарда өткізілетін болады.
Айта кеткеніміз жөн, егер сіз дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілеріне тап болсаңыз, жемқорлыққа қарсы Call-center 1424 қоңырау шалу немесе жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлау қажет +7 702 000 24 94 («Adaldyq alańy» республикалық жобалық кеңсесі), + 7 778 474 69 35 («Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесі).
[xfvalue_img]