ӨҢІР ОҚУШЫЛАРЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Өңірімізде 141 орта білім беретін мектепте 158 мыңға жуық оқушы жаңа оқу жылын бастады.
1-ші қыркүйекте 3 мемлекеттік, 4 жекеменшік мектеп іске қосылды.
Облыстағы карантиндік шектеулерге сәйкес бірінші сынып оқушыларына арнап кезекші сыныптар ашылып, онда 14 мыңнан астам бала білім алуда.
Ал, 2-11 сыныптардың оқушылары қашықтықтан оқытылып жатыр.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жүргізілген талдауларға сәйкес оқушылардың 22,6%-ында немесе 35829 оқушылардың компьютерлік құрылғылары болған жоқ.
Осыған орай жергілікті бюджет есебінен 8100 компьютерлер, республикалық бюджеттен 22 541 компьютерлер сатып алуға қаржы бөлінді.
Бұдан басқа өңірдегі қашықтықтан оқыту платформасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін 4 серверлік құрылғы мен 14 мыңнан астам отбасының интернетке қолжетімділігін арттыру үшін роутерлер сатып алынды.
Бүгінгі таңда сатып алынған 10446 компьютерлер, 14 244 роутерлер, мектеп баланстарындағы 5188 компютерлермен бірге оқушыларға таратылып берілді.
Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 1 194 млн. теңге, ҚР Үкіметіне жедел шығындарға арналған резервінен 3 491 млн. теңге, қала мектептеріне жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін енгізу аясында 311 млн. теңге, барлығы 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда оқушылар толықтай компьютерлермен қамтамасыз етілді.
Қыркүйек айының соңына дейін тағы республикалық бюджет есебінен алынатын 20195 компьютерлерлік құрылғылар өңірге жеткізіледі.
Бұл компьютерлер қажеттілікке қарай оқушыларға берілетін болады.
Осылайша, өңір оқушылары үй жағдайында оқу үшін толықтай компьютерлермен, интрнетпен қамтамасыз етіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]