ҚАЙТА ЖАҢАРТУДАН ӨТІП ЖАТҚАН ҮЙЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт Шәкәрім даңғылы, 165 және Астана көшесі, 8 мекен-жайы бойынша қайта жаңғыртудан өтіп жатқан үйлердің жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді. Бұл тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын терможаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы уақытқа дейін бағдарлама аясында 295 үй жөнделді.
Жауапты сала өкілі көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеудің екі механизмі бар екендігін түсіндірді: біріншісі күрделі, екіншісі ағымдағы жөндеу. Бұл екі механизмнің қайсысын таңдаса да тұтынушының өз еркі. Энергияны үнемдейтін технологиялардың күрделі, алдыңғы қатарлы түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын шатыр, жертөле, инженерлік желілерді жөндеу немесе қайта құру олардың қызмет ету мерзімін немесе тұтынуды едәуір ұзартуы мүмкін.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын терможаңғырту бағдарламасы аясында жөндеуден өтіп жатқан тұрғын үйлерге үнемі қоғамдық бақылау жасалып, бақыланатын болады.
[xfvalue_img]