Елордада 1-ші қыркүйектен бастап ХҚО-да еңбек мигранттарына рұқсат беріледі
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» жобасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ көші-қон қызметінің мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру мақсатында, Нұр-Сұлтан қалалық ХҚКО-да «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетудің пилоттық жобасы іске қосылды.
Егер бұрын рұқсаттарды ресімдеу кезінде жұмыс берушілер мен шетелдіктер Нұр-Сұлтан қаласы, Иманов көшесі 31 мекенжайы бойынша орналасқан Көші-қон қызметтері орталығына өтініш білдірсе, енді бұл мемлекеттік қызметі қаланың 6 ХҚКО-нан алуға болады.
Осылайша, азаматтарға ыңғайлы болу үшін көші-қон қызметі басқармасы Азаматтарға арналған «Үкіметтік мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ келісімі бойынша, а.ж. 16 маусымынан бастап С409 көшесінде («Сарыарқа» ауданы) орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО филиалында еңбек иммигранттарына рұқсат беруді жүзеге асырады.
Сонымен қатар, осыған ұқсас а.ж. 26 тамызынан бастап Мәңгілік ел, 30 үй («Есіл ауданы»), Тәуелсіздік даңғылы, 32 үй («Алматы» ауданы) және Абай даңғылы, 80 үй («Байқоңыр» ауданы) мекенжайларында орналасқан қаланың 3 - ХҚКО-да жұмыс ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, ХҚКО-да шетел азаматтарының көп жиналуын болдырмау үшін а.ж. 1 қыркүйегінен бастап қосымша осы мемлекеттік қызметті Сауран көшесі, 7 үй («Есіл» ауданы), Республика даңғылы, 43 үй («Сарыарқа» ауданы) бойынша орналасқан 2 ХҚКО-да алуға болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі мамандарға кедергісіз қол жеткізу арқылы электрондық кезек режимінде ұсынылады.
[xfvalue_img]