Қала тұрғындары мен қонақтардың назарына!
Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы.
17 және 18 мамырда сағат 09:00 ден 19:00 арасында әкімшілік, жергілікті және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған автобустарда азаматтарды қабылдайды. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне кеңес және құқықтық көмек алуға, жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және т.б. сұрақтармен жүгіне алады. Мобильді топтар «Жолда қабылдау» жазуы бар шағын автобустарда азаматтарды қабылдайды.
Іс-шара қаланың 4 аумағында өтеді:
- Есіл ауданы – «Ailand» ОДО (Қорғалжын тас жолы, 2);
- Байқоңыр ауданы – Нұр-Сұлтан қ. ПД ӘПБ (Жетіген көшесі, 16);
- Сарыарқа ауданы – Мамандандырылған ХҚКО (20-40 көшесі);
- Сарыарқа ауданы – «Нұр-Сұлтан 1» ТЖ вокзалы алдында (Гете көшесі, 1);
- Алматы ауданы – «Рахмет» СОСО (Б. Момышұлы даңғылы, 10);
- Алматы ауданы – «Алатау» СК (Тәуелсізді даңғылы, 1/1).
«Жедел желі» телефондары: 8(7172) 71-69-77, моб.тел: 87761972348.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]