ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ
Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбымен бірыңғай жалпы республикалық онлайн «Адалдық сағаты» өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысты.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:
іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің қоғамда әділдік пен адалдық сияқты жаңа қағидаттар мен бағдарларды енгізу қажеттігін атап өтті. Олар бәсекеге қабілетті мемлекет пен зияткерлік ұлттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Еске сала кетсек, Агенттікпен осы аталған құндылықтарды жастар арасында қалыптастыру мен ілгерілетуге бағытталған онлайн «Адалдық сағаты» акцияларын өткен болатын.
Мысалы, мамыр айында өткен «Адалдық сағатының» тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» болса, шілдеде – «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыбында өтті.
[xfvalue_img]
7 пікір