«Конституция: құқық үстемдігінің азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру»

«Конституция: құқық үстемдігінің азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру»

2018 жылғы 28 тамызда Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәмидің төрағалық етуімен Жаңа демократия елдері конституциялық бақылау органдары конференциясы (бұдан әрі – ЖДЕКБОК) мүшелерінің отырысы болды.

Іс-шара ағымдағы жылғы 28-29 тамызда Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция: құқық үстемдігінің азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық конференция шеңберінде ұйымдастырылды.

Кездесуге Арменияның, Беларусияның, Әзербайжанның, Қырғызстанның, Моңғолияның, Ресейдің, Тәжікстан мен Өзбекстанның конституциялық әділет органдарының делегациялары, сондай-ақ Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның Бас хатшысы Шнутс Дюрр қатысты.

Конференция мүшелері Әзербайжан Республикасы Конституциялық Сотының ЖДЕКБОК құрамына енуі туралы өтінішін қанағаттандырды.

Отырыста қатысушы мемлекеттердегі конституциялық даму процестеріне, конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі қазіргі заманғы сын-қатерлерге және өңірлік әрі халықаралық деңгейлердегі ынтымақтастықты тереңдетуге байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Конференцияның қатысушылары іс-шараның маңыздылығы мен жоғары деңгейін ескере отырып, Алжирде Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның 5-конгресін өткізуге қолдау көрсетті.

Қонақтар Қазақстан Конституциялық Кеңесінің бастамасы бойынша жасалған Конференцияның интернет-ресурсымен танысты.

Тараптар мерзімді баспа басылымы – ЖДЕКБОК Жаршысы редакциялық алқасының жаңа құрамын бекітті және оның форматын айқындады. Оған төрағалардың, судьялар мен қызметкерлердің сөйлеген сөздері, конституциялық іс жүргізу практикасына шолулар және Конференцияның барлық мүшелерінің маңызды шешімдері жарияланатын болады.

Бұдан басқа, Конференция қатысушылары қауымдастықтың қызметіне байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырды.  

Қ. Мәми: «Біз бұдан әрі де әлеуеті түптеп келгенде біздің елдерімізде және олардың шектерінен тыс жерлерде құқық үстемдігін нығайтуға қызмет ететін Конференцияны ортақ күш-жігерімізбен дамыта беретінімізге сенім білдіремін», - деп сөзін қорытындылады.

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.