Есептегі ерікті «Алғыспен» марапатталды
Қазіргі таңда облыс бойынша 10 мыңға жуық азамат еріктілер қатарында болса, оның ішінде пробация есебінде тұратын, қоғамға бір пайдамды тигізсем деген азаматтар да бар. Олар облыс, қала, аудан көлеміндегі барлық салаға атсалысып жүр. Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізіп жүрген белсенді жастың бір , Жалағаш аудандық пробация есебінде тұратын Айбол есімді азамат.
Көктем айында Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мен аудандық пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасынан еріктілер тобы құрылып, өз қаражаттары есебінен , тұрмыс жағдай төмен зейнеткердің үйін шатырлап берген болатын. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер»-, демекші Айбол қарт ананың батасын алған болатын. Ол еріктілер тобымен бірге осы аудандағы тұрмысы төмен отбасылардың тұрғын үйлерінің ішкі жөндеу жұмыстарына да қол ұшын беріп, көмек көрсетіп жүр. Міне, Айболдың қоғамға тигізген еңбегі еленіп, 12 тамыз -Халықаралық жастар күніне орай, өңірдегі жастар саясатының жүзеге асырылуына сүбелі үлес қосып, жоғары жетістіктерге жеткені үшін, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Алғысымен» марапатталды.
«Аудандық пробация есебінде тұратын 29 жасқа дейінгі азаматтарға өз еркімен ерікті болып, қоғамға кішкене болса да үлес қосатындарыңыз болса, аудандағы Жастар ресустық орталғына тіркеліп, ерікті болуға болатынын айтқанбыз. Бірнеше азамат аудандағы ерікті тобымен бірлесіп, аудан көлемінде тарихи ескерткіштерді жөндеу, жаңарту жұмыстарына қол ұшын созды. Есептегі еріктілердің еңбегі еленіп жатқанына біз де қуаныштымыз»- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Мейрамбек Тұрымбетов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]