3 қаланың тұрғындары сатып алған көлігін бірден автосалонда тіркете алады
Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Бағдат Мусин елорданың ALLURAUTO автосалонында ашылған ХҚО бұрышында болды. Айта кетейік, дәл осындай шағын ХҚО, сондай-ақ, Astana motors автосалонында да ашылды.
Енді мамандандырылған ХҚО-ға жүгінудің қажеті жоқ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары қызметті дәл осы жерде ұсына алады.
«Қазіргі таңдағы басты қажеттілік – адамдарды бір-бірінен алшақтату. Барлығымыз үшін осындай қиын кезеңде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа сын-қатерлердің талаптарына жауап беріп, мемлекеттік қызметтердің оффлайн түрде ыңғайлы әрі қауіпсіз ұсынылуына басымдық беруі тиіс. Сондықтан, мүмкіндігінше, азаматтардың бір-бірімен байланысын барынша болдырмау барлығымыз үшін маңызды мәселе және автокөлік салонында осындай шағын ХҚО ашу – осы идеяны жүзеге асырудағы алғашқы қадам», - дейді Бағдат Мусин.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көлік тіркеуіне құжаттарды қабылдайды, ал бірнеше сағаттан кейін курьер көлік нөмірі мен дайын тіркеу куәлігін жаңа көлік иесінің үйіне әкеп береді.
Бұл пилоттық жоба қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Mercedes-Benz және AsterAuto автосалондарында жұмыс істейді.
Алдағы уақытта ALLURAUTO-ның Алматы мен Шымкент қалаларындағы автосалондарында тиісті байланыс арналарын жүргізу жоспарлануда.
[xfvalue_img]