Қазақстан Республикасы канадалық

Қазақстан Республикасы канадалық "Gold Pool" компаниясына қарсы көп миллиондық төрелік процесті жеңіп алды: төрелік Трибунал Қазақстан Кеңестік Келісіммен байланысты еместігін растайды

 

2020 жылғы 30 шілдеде халықаралық Төрелік Трибунал 2016 жылы канадалық "Gold Pool JV Ltd" компаниясы "Қазақалтын"АҚ кәсіпорнын сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа қатысты Қазақстан Республикасына қарсы бастаған төрелік істің сот қарауына жатпайтындығы және тоқтату туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Талап арыздың сомасы 917 млн АҚШ долларын құрады.

1996 жылғы наурызда Голд Пул компаниясы кәсіпорынның қарыздарын өтеу, өндірісті қалпына келтіру және жаңғырту, қолайлы қаржылық жағдай жасау және тиімді нарықтық стратегия жасау мақсатында "Қазақалтын" АҚ-ны басқаруына алды. Голд Пул келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмады. Ұзақ уақыт бойы төленбеген жалақы бойынша кәсіпорынның қала құраушы объектілері қызметкерлерінің алдындағы берешек тұрақты түрде өсті. Негізінен жұмыс істемейтін алтын өндіретін кеніштердің (Ақсу, Жолымбет және Бестөбе) жұмысы жолға қойылмаған. Кәсіпорынның басқа алтын кен орындарындағы шахталар қараусыз қалып, су басты. Кәсіпорында өндірістік қуаттарды жаңарту және қажетті геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмеді, кенді қайта өңдеу және алтын өндіру жолға қойылмады. Кәсіпорынның жұмысшылар мен мердігерлер алдындағы қарыздары өсе берді. Басқарушы компания өзінің қаржылық дәрменсіздігін көрсетті және іс жүзінде банкротқа ұшырады. Сәтсіз жұмыс нәтижесінде жұмысшы ауылдар жылыту маусымына дайын болмады және олардың тұрғындары зардап шекті.

Бірнеше рет жасалған ескертулерден және кемшіліктерді түзетуге уақыт берілгеннен кейін, аталған жүйелі бұзушылықтарға байланысты 1997 жылғы тамызда басқарушы компаниямен келісімшарт бұзылды.

"Голд Пул" компаниясы көп ұзамай мемлекеттік органдарға қарсы басқару келісімшарты бойынша халықаралық коммерциялық төрелікке жүгінгенімен, содан кейін ол ешқандай өндірістік қадамдар жасамады. Осылайша, ол заңды рәсім шеңберінде өз талаптарын талап етуді тоқтатты. Келісімшартқа қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап қою мерзімі 2000 жылы аяқталды.

Осыған қарамастан, жоғарыда көрсетілген оқиғалардан 17 жыл өткен соң, 2014 жылғы ақпанда талапкер Қазақстан Республикасына қолданылатын іспетті 1989 жылғы Күрделі салымдарды көтермелеу және өзара қорғау туралы кеңестік-канадалық келісімін негізге ала отырып, дау туралы хабарлама жіберді. 2016 жылдың наурыз айында талапкер төрелік талқылауды бастамашылық етті.

Іс жүзінде әрбір төрелік процесс юрисдикция, даудың мәні және талап қою сомасын бағалау мәселелерін қарауды қамтиды. Осы бағыттардың әрқайсысы мұқият дайындықты және материалдарды жинауды қажет етеді. 2014 жылдан бастап Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің консультанты алдағы талқылауда дәлелдеме базасын жинау бойынша жұмыс жүргізді.

Республика өзін міндеттемелермен байланысты деп санамайтын 1989 жылғы кеңестік-канадалық келісімнің Республикаға қолданылуы туралы Талапкердің мәлімдемесіне байланысты, Республиканың төрелік наразылықтарын қалыптастыру кезінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Мемлекетаралық келісімдерге талдау жасалды, ел тәуелсіздік алған сәттен бастап әр түрлі кезеңдердегі мұрағаттық құжаттар, сондай-ақ дипломатиялық ноталар, үкіметаралық деңгейдегі мәлімдемелер, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың хат алмасулары және жазбалары табылды және және мұқият зерттелді.

Бұл ондаған жылдар бойы Канадамен қарым-қатынастың даму көрінісін қалпына келтіруге көмектесті, бұл кеңестік-канадалық келісім бойынша Республиканың қандай да бір құқықтық мирасқорлығының жоқтығы туралы мемлекеттің ұстанымын нығайтуға ықпал етті.

1990 жылдардағы заңнамалық база да талданды, ол төрелік сот талап арыз берілгенге дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сонымен қатар, куәгерлерді іздеу және тарту жұмыстары жүргізілді. Олардың айғақтары 1989 жылғы Келісімі бойынша елдің мұрагерлігінің болмауы, Үкімет тарапынан басқару туралы келісімшарт ережелерін бұзушылықтардың болмауы туралы көзқарасты нығайтты және төрелік талқылауда маңызды рөл атқарды.

Оқиғалар мен материалдардың елдің мұрағаттарына берілуіне байланысты құжаттарды іздеу және талдау бойынша бірегей жұмыс ұйымдастырылды. Әділет министрлігі мен консультант қызметкерлері Ақмола облысы (Көкшетау және Степногорск қалалары) архивтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, Алматы және Нұр-сұлтан қалалары архивтерінің қорларын зерделеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ведомстволық архивтерінің материалдарын зерделедні. Нәтижесінде ондаған мың құжат қаралды.

Сонымен бірге, оқиғалардан кейін 17 жыл өткен соң осы төрелік талқылау қозғаған және осы уақыт ішінде алтынның қымбаттаған бағасын ескере отырып, миллиард долларға жуық өтемақы талап еткен талапкер көп жыл бүрынға оқиғаларды қатты бұрмалап, бастапқыда жасыруға тырысқан фактілер мен құжаттарға қайшы келетін жалған шағымдарды агрессивті түрде ұсынды.

Сонымен бірге, Канада органдары төрелікке мазмұны соншалықты өңделген құжаттарды ұсынғанын, оларды оқу мүмкін еместігін атап өткен жөн. Осының бәрі Республиканың ұстанымын қорғау бойынша жұмысты қиындатты, алайда Министрлік және консультант қажетті дәлелдерді алып, шындыққа қол жеткізе алды.

Іс бойынша тыңдаулар 2019 жылдың маусым айында Париж қаласында (Франция) өтті.

Нәтижесінде төрелік Трибунал Қазақстан Республикасы 1989 жылғы кеңестік-канадалық Күрделі салымдарды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімімен байланысты емес деген қорытындыға келді. Трибунал талапкердің Қазақстан мен Канада осы Келісім бойынша Республиканың құқықтық мирасқорлығы туралы "үнсіз келісімге" ("tacit agreement") қол жеткізгені туралы уәжін қабылдамады. Трибуналдың қорытындысы, атап айтқанда, жаңа дәлелдерге сүйенеді және "World Wide Minerals Ltd." пен Пол Карроллдың атынан басталған төрелік ісіндегі басқа трибуналдың бұдан бұрын жасаған қорытындысынан өзгеше.

Трибунал талапкерді Республикаға оның төрелікте шеккен барлық шығындарын өтеуін міндеттеді.

«Голд Пул талабы ол күмәнді фактілерде негізделген арбитраж арқылы "инвесторлар" деп аталатындардың ақша табуға арналған тағы бір әрекеті. Төрелік трибуналдың шешімі Қазақстанда осындай агрессивті әрекеттерге қарсы тұра алатын қазіргі заманғы құқықтық жүйенің қалыптасуының дәлелі болып табылады. Қазақстанда қажетті ресурстар мен сенімді шетелдік кеңесшілер тобы бар. Сонымен қатар, соттар мен мемлекеттік органдар қажетті тәжірибе жинақтайды. Мұның бәрі төрелік процестерде тиімді қорғауды қамтамасыз етеді», - деп осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев түсіндірді.

 

ҚР Әділет министрлігі халықаралық "Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP" заң фирмасымен бірлесе аталған іс бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін білдірді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.