КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТКЕ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСІП ЖАТҚАН ДӘРІГЕРЛЕР ЕҢБЕГІН ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТКЕ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСІП ЖАТҚАН ДӘРІГЕРЛЕР ЕҢБЕГІН ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

Мемлекет басшысының  пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүрген медицина қызметкерлеріне  мемлекет тарапынан қолдау шараларын жариялағанына қарамастан, ҚР Кәсіподақтар федерациясының  (ҚРКФ) ақпараты бойынша оларды орындауда олқылықтар байқалады.  Сондықтан ҚРКФ Үкімет басшысына хат жазып, бірқатар ұсыныстарымен шықты.  

Атап айтқанда  медициналық персоналға біржолғы әлеуметтік төлемдер уақтылы тағайындалмай отыр. Әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №129 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларында  (бұдан әрі қағида) коронавируспен күреске  тартылғандар инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда полимеразалық тізбек реакциясы (ПЦР) талдауы теріс нәтиже көрсетсе, пневмониямен ауруды немесе одан қайтыс болған жағдайларды коронавирусқа  жатқызбағандықтан, олар біржолғы әлеуметтік төлемді алу құқығынан айрылады.  Бұдан басқа, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған бірқатар қызметкерлер яғни  хирургия, гинекология және зертханалық-диагностикалық бөлімдерінің, радиологиялық және патологоанатомиялық қызметтерінің, УДЗ мамандары, психологтар, жедел медициналық көмек бригадаларымен тұрақты қатынаста болатын жұмыскерлер (диспетчерлер, механиктер және басқалары)  әлеуметтік төлемдермен қамтылмай отыр. 

«Соңғы айлар бойы медициналық қызметкерлер үстеме түрде, түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері жұмыс істеуге мәжбүр болуда. Алайда, іс жүзінде жұмыс берушілер  үстеме жұмыстар үшін төленетін қосымша ақының мөлшерін шектеп отыр. «Аталған шектеулер (Еңбек кодексінің 78 бабы 3 тармағына сәйкес) пандемия жағдайында қолданылмауы тиіс»,-делінген ҚРКФ-ның Үкімет басшысының атына жолданған хатта. 

Сонымен қатар, пандемиямен күреске әскери клиникалық госпитальдер мен олардың қызметкерлері тартылды. Алайда, жоғарыда аталған қағидада   үстемеақы беруде ескерілмеген, және коронавирусты жұқтыру қаупі төніп тұрғанына қарамастан, осы уақытта дейін қосымша төлемдерді алу құқығынан айрылып отыр

«ҚР Қаржы министрлігінің Қарулы Күштердің медициналық қызметкерлері лайықты ақшалай нәпақамен қамтамасыз етілгендіктен, тұрғын үй төлемдерін алатындықтан және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңында қарастырылған барлық жеңілдіктермен пайдаланатындықтан, оларға үстемақы төлеу орынсыз деген ұстанымы ешқандай сын көтермейді. Бұған қоса, тиісті үстемақыны алу құқығынан айрылған әскери медициналық мекемелердің медициналық жұмыскерлерінің қатарында әскери қызметшілерге жатпайтын азаматтық қызметкерлер де бар»,- делінген  ҚРКФ хатында. 

ҚРКФ COVID-19 пандемиясымен күреске тартылған медицина қызметкерлерінің  үлесін әділ бағалау мақсатында оларды мемлекет тарапынан қолдаудың (қорғаудың) тұрақты түрде қолданылатын қосымша шараларын заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынып отыр. 

Атап айтқанда, ҚРКФ оларға  «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 33 бабында қарастырылған құтқарушылардың құқықтарын пайдалану мүмкіндігін беруді, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтар санатына қосуды, еңбек өтілін жеңілдікпен есептеуді,  міндетті зейнетақы жарналарынан, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналардан босатуды, сондай-ақ осы төлемдерді мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен аударуды, жеке табыс салығын, жеке тұлғалардың меншік, жер және көлік салықтарын төлеуден босатуды, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен коммуналдық, жалдау және (немесе) ипотекалық төлемдеріне жұмсалатын шығындардың 50 пайызын өтеуді (орнын толтыруды) енгізуді және  мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен міндетті жылсайынғы шипажайлық-курорттық ем алу құқығын беруді ұсынды. Сонымен қатар, COVID-19 коронавирустық инфекцияны жұқтыруды кәсіптік ауру ретінде қарастырып, заңнамада қарастырылған жұмыскерлердің құқықтарын қорғау шараларын қолдануды ұсынып отыр. 

«Жоғарыда айтылғанның негізінде сізден ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, келтірілген проблемалық мәселелерді қарастырып, бірқатар  шараларды қабылдауға тапсырма беруді сұраймыз. Яғни аса қысқа мерзімде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №129 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына біржолғы әлеуметтік төлемді алу құқығына ие болатын тұлғалар санатын кеңейтуді, пневмониямен ауруды және пневмониядан қайтыс болуды біржолғы әлеуметтік төлемді белгілеудің негізі ретінде қосуды  (коронавирустық инфекциямен қоса), инфекциялық ауру ошағын эпидемиологиялық тексерудің мерзімдерін белгілеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет», - дейді  ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин  Үкімет басшысының атына жазған хатында. 

Сонымен қатар, ҚРКФ төрағасы аса қысқа мерзімде жоғарыда аталған  бұйрыққа COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстары үшін еңбекақыға қосымша үстемақы алу құқығына ие болатын жұмыскерлер санатын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, соның ішінде, әскери медициналық мекемелердің медициналық жұмыскерлерін қосуды сұрады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарының (жұмыс берушілердің) үстеме жұмыстар, түнгі, демалыс және мереке күндердегі жұмыстар үшін қосымша ақыны толық мөлшерде, медициналық жұмыскерлердің асыра жұмыс атқарудың нақты уақытына сәйкес (бұдан бұрын төленбеген қаражатты қоса алғанда), уақтылы төлеуін қамтамасыз етуді және  денсаулық сақтау ұйымдарының (жұмыс берушілердің) медициналық қызметкерлерге үстемақыны жұмыс уақыты балансын шектемей, нақты жұмыс істеген уақыты үшін төлеуін қамтамасыз етуді сұрады. 

ҚРКФ төрағасы хатының соңында мемлекеттік органдар жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделеріне әсер ететін шешімдерді және нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың алдында міндетті түрде жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен консультациялар мен келісуді өткізу қажеттігінде  айтып өтті. 

             Бір атап өтерлігі, ҚРКФ-ның Үкіметке жолдаған хатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №129 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларының 2 тармағына сәйкес төлемдерді жүзеге асыру мақсатында тек төтенше жағдай кезеңі ғана есепке алынатындығы айтылып,осы тармаққа   аса қысқа мерзімде біржолғы әлеуметтік төлемдерді карантиндік шаралар кезеңінде де жүзеге асыру  (төтенше жағдаймен қоса) туралы толықтыру енгізуді ұсынған болатын. Бұл ұсыныс Үкімет тарапынан қолдау тапты.

 

ҚРКФ Баспасөз-қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.