Қор КВИ қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне  32 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі

Қор КВИ қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне 32 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі

         Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл наурыздан  маусым айына дейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 32 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Үстеме ақы үшін республикалық бюджеттен жалпы  38,1 млрд теңге бөлінді.

     Ең үлкен соманы (42% немесе 13,4 млрд теңге) 2-ші тәуекел тобының қызметкерлері алды: провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлер, сонымен қатар санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері жұмысқа тартылған жағдайда. Ал саны бойынша 3-ші тәуекел тобының медицина қызметкерлері басым – үстеме ақы алған барлық медицина қызметкерінің 52%  немесе 80,5 мың адам.

     Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкер үстеме ақы алатын болса, маусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артты.

      Бұдан басқа, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы медициналық ұйымдарды қолдау шаралары қабылданды.

    «Қазір аурухана мен емханалар өте қиын жағдайда жұмыс істеуде. Оларды қолдау үшін Қор алғытөлем сомасын 50%  дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендегенде базалық қаржыландыру жүргізіледі. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады", - деді ӘМСҚ КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов. 

Қазақстанда наурыздан маусымға дейін 150 мың адам коронавирус пен пневмониядан емделді     

      2020 жылдың наурыз-маусым айларында стационарларда коронавирус пен  пневмонияға шалдыққан 150 мың науқас емделді, ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ауруханаларға 9 млрд.теңгеден астам қаржы төледі.

       Бұл ретте маусым айында наурыз айымен салыстырғанда төсек-күннің жалпы саны 8 есеге, жұқпалы аурулар саны 23 есеге өсті. Сондай-ақ, провизорлық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан 100 мың төсек-күнге дейін.

Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тариф көтерілді. Енді Қор провизорлық стационарда әрбір төсек-күн үшін – 22 мыңнан астам теңге, тәулік бойы стационар  үшін - 32 мыңнан астам теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдегені үшін – төсек-күнге 70 мың теңге шамасында төлейді.

«Аталған қызметтердің тарифін көтеру   арқылы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан пациенттерді емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға, сондай-ақ стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға болады", - деді ӘМСҚ басшысы Болат Төкежанов.

Сондай-ақ, медициналық сақтандыру қоры стационарлардағы көрсеткіштер мен емхана дәрігерлерінің жолдамасы бойынша ПТР әдісімен 300 мыңға жуық зерттеу үшін 3,5 млрд теңгеден астам сомаға төлем жүргізді.

Коронавируспен күрес шараларына жалпы  56,7 млрд теңге бөлінді. Халыққа көмек көрсету үшін 630 жеткізушімен, оның ішінде 13,4 млрд.теңге сомасына медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, стационарларда емделуге, ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге – 38,1 млрд. теңге, ПТР-диагностикаға – 5,2 млрд. теңге шарт жасалды. 

Медициналық сақтандыру қоры халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жүз пайыз алдын ала төлем жасады 

     «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ науқастарды уақтылы үзіліссіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін «СҚ-Фармация» компаниясымен жасасқан шарттың сомасына алдын ала 100%  төлем жасады. Бірыңғай дистрибьютор бұл қаржыға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін өнім берушілер мен өндіруші зауыттарға алдын ала төлем жасай алады.

        Атап айтқанда, МӘМС қаражаты есебінен амбулаторлық деңгейде балаларды бактерияға қарсы және ыстық түсіретін препараттармен, ересектерді – ауруханадан тыс пневмония нозологиясы бойынша бактерияға қарсы құралдармен қамтамасыз ету қарастырылған. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін ЖРВИ мен пневмония кезінде тегін дәрі-дәрмектерді 190,3 млн теңге сомасына 165 мың пациент алды.

        Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің тағы 5 түрін қосу мәселесін қарастыруда. Тізімде – парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, апиксабан, дабигатран бар. Оларды үздіксіз сатып алу үшін Қор Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізгеннен кейін өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде қаржыландырады.

    Естеріңізге сала кетейік, медициналық сақтандыру қоры стационарлық және амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен  ТМККК шеңберінде және МӘМС пакетінде қаржыландырады. 

Медициналық сақтандыру қоры КВИ және пневмонияға шалдыққан жағдайы ауыр науқастарды емдеу тарифін 1,5 млн теңгеге дейін көтерді     

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус инфекциясын диагностикалау, емдеу және асқынумен байланысты барлық шығынды өтеу үшін пациенттің жағдайының ауырлығын ескере отырып медициналық ұйымдарға тарифтер әзірледі.

      Осылайша, КВИ жеңіл түріне  шалдыққан бір пациенттің емі 292,6 мың теңге, жағдайы орташа пациенттің - 446,1 мың теңге, жағдайы ауыр науқастың емі - 1,5 млн. теңге болады. Қор жағдайы өте ауыр бір науқасқа 1,7 млн теңге төлейді. Жедел жәрдем көрсету тарифінің құрылымында ЖҚҚ шығыстары орта есеппен 40%  өсті.

      Пациенттер үшін стационарлық және амбулаториялық деңгейде емдеу мен диагностика КВИ және пневмонияға шалдыққан  пациенттерге тегін көрсетіледі.

        Медициналық сақтандыру қоры  жоспарланған қаржы көлемінен мобильдік бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге жұмсайды, жыл соңына дейін 1,4 млн үйге көмек көрсетіледі  деген есеппен.  Қазірдің өзінде өңірлерде емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан 3 мыңнан астам осындай бригада құрылған.

       «Сонымен қатар, көптеген қазақстандық ауру өршіген тұста коронавирус пен пневмонияны диагностикалауға, емге және дәрі –дәрмекке қалталарынан көп шығын шығарғанын ескеріп, Қор инфекция жұқтырғандарға оңалту қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

       "Бүгінде  оңалту қызметіне деген сұраныс өте жоғары. 1406 байланыс орталығына көптеген сұрақ келеді, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігімен бірге Қор ауырып шыққан пациенттерді жүргізу алгоритмін әзірлеуде. Біз емханадан бастап Оңалту орталықтары мен санаториялық-курорттық ұйымдарға дейінгі барлық деңгейлерде көмектің әр түрін қарастырамыз». 

Жоспарлы медициналық көмекті 1 тамыздан қайта  бастау жоспарлануда 

        Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 тамыздан бастап халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету жоспары әзірленді. Бірінші кезекте, COVID-19 қарсы  күрес жөніндегі іс-шараларға қатыстырылмаған стационарларды кезең-кезеңмен іске қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларда, монопрофильді клиникаларда жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі.

       Пандемия кезеңінде көптеген жоспарлы қызмет кейінге қалдырылғанын ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерге деген сұраныс айтарлықтай өседі деп болжап отыр. Осыған байланысты медициналық көмекті қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізілуде.

      Қордың болжамы бойынша, үшінші тоқсанда жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде көзделгендей, жыл басындағы деңгейге дейін өсуі мүмкін.

         Осылайша, биыл  бірінші тоқсанда тәулік бойғы стационарларда 827 мың пациентке мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%  артық, жоспарлы емдеуге жатқызу 79% артты. Медициналық оңалту көлемі 35%  көбейді, бұл ретте инсульттан кейін пациенттерді қамту 2,3 есеге өсті. Жалпы алғанда, әрбір 3-ші пациент бірінші тоқсанда МӘМС қаражаты есебінен емделді.

          "Денсаулық сақтау жүйесі вирусты жеңеді деп үміттенеміз және Қор пациенттер алдындағы өзінің іске аспай қалған міндеттемелеріне қайта оралады", - деді Болат Төкежанов. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аса қажет емес шығындардан бас тартып, 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдейді 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ауқымды өзгерістер басталады. Олар ішкі үдерістерді өзгертуге, штаттың құрылымын қайта қарауға, шығындардың бір бөлігін оңтайландыруға, әкімшілік шығыстарды азайтуға қатысты. Алдымен аса қажет  емес шығындардан бас тарту жоспарлануда, соның ішінде пиар шығындарын қоса алғанда, 1 млрд теңгеден астам теңге үнемделеді.

Қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен Қордың штат саныны қысқарады. Қазір бұл шара орталық аппарат деңгейінде қарастырылуда, кейінірек бұл жұмыс филиалдарда да жүргізілетін болады. Бұдан басқа, филиалдардың қызметі, өкілеттіктері мен жауапкершілігі айтарлықтай өзгереді. Бұл проблемаларды барынша егжей-тегжейлі және аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді. Тариф құру, бюджетті сатып алу және жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау және «ақша пациенттің соңынан еріп жүреді» деген басты қағидатты сақтау туралы болып отыр.

«Денсаулық сақтау жүйесінде бірнеше жыл жұмыс істедім, бас дәрігерлермен тікелей байланыста болдым, сондықтан мен стационар мен емханалардағы барлық қиындықты іштен жақсы білемін және Денсаулық сақтау министрлігімен, аймақтық органдармен бірлесе отырып, оларды тез арада шешу жолдарын табуға ниеттімін", – деді ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

"Мен қашан да сараптамалық алаңдарда өтетін диалогқа ашықпын және БАҚ-пен ынтымақтастық орнату арқылы халықты толғандыратын мәселелерге жауап беруге дайынмын", - деді Қор басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ел басшылығы барлық үдерістердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді, халықпен кері байланыс орнатуды, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі мәселелерін шешу  міндетін қойған.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.