Ербол Шорманов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі жұмысын аяқтады
QazExpoCongress» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Ұлттық компанияның Басқарма Төрағасы Шорманов Ербол Әлімқұлұлының өз еркімен қызметін босату туралы өтініші қаралды.
Ұлттық компанияның Директорлар кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ербол Шормановқа жасаған жұмысы үшін алғыс білдірді және «QazExpoCongress» ҰК» АҚ қызметіндегі, оның ішінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі объектілерін көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды жетістіктерін атап өтті.
Өз кезегінде Е. Шорманов Директорлар кеңесіне сенім білдіргені және қолдағаны үшін алғыс білдірді, сондай-ақ Ұлттық компания қызметкерлеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және өткізу кезінде Ербол Шорманов Басқарма Төрағасының орынбасары ретінде контенттік толтыру, іскерлік, мәдени және ойын-сауық бағдарламалары, қауіпсіздік және жалпы қызмет мәселелеріне жетекшілік етті.
2018 жылдың қаңтарында Е. Шорманов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды (2020 жылдың ақпан айында «QazExpoCongress» ҰК» АҚ болып өзгертілді). Оның басшылығымен ЭКСПО аумағында дамыған инфрақұрылымы бар инновациялық экожүйе құрылды, ол Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласының жаңа бизнес орталығына айналды. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бекіткен ЭКСПО мұрасы нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасы аясында ЭКСПО аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі, IT университеті, Бизнес орталығы және басқа да бірегей нысандар жұмыс істейді.
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы
Гүлжан Сергибаева
[xfvalue_img]