ВОЛОНТЕРЛАР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚОРҒАНЫС КОСТЮМДЕРІН, МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАЛАР МЕН СУДЫ ТАПСЫРДЫ
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының волонтерлері қорғаныс маскаларын, костюмдері мен ауыз суын №8 қалалық емхана мен Нұр-сұлтан қаласының Орталық жол ауруханасының, сондай-ақ Ақтау қаласының Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының дәрігерлеріне тапсырды. Осылайша белсенділер «Дәрігерлерге тағзым» акциясын қолдады.
«Дәрігерлер коронавирусты жұқтырғандардың өмірі үшін бес ай бойы күресуде. Бұл күндері олар физикалық және моральдық жағынан үлкен жүктемені сезінуде. Акцияға қатыса отырып, біз дәрігерлерге жағымды жағдай жасап, осы қиын кезде қолдау көрсеткіміз келді», - деп атап өтті әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова.
Естеріңізге сала кетейік, 15 шілдеде Қазақстанда «Дәрігерлерге тағзым» акциясы басталды, оның мақсаты медицина қызметкерлеріне жастар атынан моральдық қолдау көрсету.
Айта кету керек, SK Volunteer компаниялар тобының волонтерлер лигасы «Волонтер жылында» құрылды және «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы http://volunteer.sknews.kz/ сайтында өтініш беру арқылы волонтер бола алады.
Қор тобында волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмек қажет адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.
Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті
[xfvalue_img]