IMD БАҒАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ

IMD БАҒАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ

Осы айда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығы «IMD-2020» жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады.

Елдің бәсекеге қабілеттілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті бизнес қалыптасатын ортаны жасау және қолдау қабілетімен қабылданады.

Қазақстан сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша екінші жыл қатарынан өз орнын жақсартты.

Биыл бағалауға қатысқан 63 мемлекеттің арасында еліміз 29-дан 27-ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 баллдың 5,01 баллын алып, орташа әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты.

Бұл еліміздің осы рейтингке қатысқан кезеңдегі ең жоғары нәтижесі (2018 жылы – 39 орын және 3,43 б.; 2019 жылы – 29 орын және 4,28 б.).

 Қазақстан бұл талап бойынша Польшадан (28 орын), Израильден (30), Оңтүстік Кореядан (31), Литвадан (32), Қытайдан (33), Испаниядан (39), Чехиядан (44), Ресейден (51) және т.б. жоғары орналасқан.

Жоғарыда аталған жетістіктер басқа 8 халықаралық рейтинг агенттіктерінің мәліметтерімен қоса Транспаренси Интернешнлдің сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің баллын есептеу барысында ескерілетініне назар аударамыз.  

Жалпы, бизнес жүргізудегі жемқорлықтың біртіндеп төмендеуін Бүкіләлемдік банктің «Enterprise Survey», Қазақстандағы Транспаренси Интернешнлдің «Сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторингін» және  PRS «Елдік тәуекелдерді бағалауын» қоса алғанда басқа агенттіктер жүргізген зерттеулердің нәтижелері де айғақтайды.

 Осы тұрғыдан алғанда Covid-19 пандемиясының әсерінен әлемде орын алған қиын жағдайға қарамастан, инвестициялық белсенділіктің жанданып жатқанын атап өткен жөн.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Атамекен» ҰКП өз тараптарынан отандық және шетелдік инвесторлардың жалпы сомасы 12 трлн теңгеден астам 475  жобасын сүйемелдей отырып, кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік төрешіктіктен қорғауды жалғастыруда.

Жыл басынан бері Антикор қылмыстық-құқықтық шаралар аясында лауазымды тұлғалардың бизнес жүргізуге заңсыз араласуының 80-нен астам фактісін анықтап, 200-ге жуық кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.