Дәулеталин: Әлеуметтік әріптестер қызметінің ынтымақтастығы  дағдарысты еңсеруге мүмкіндік береді

Дәулеталин: Әлеуметтік әріптестер қызметінің ынтымақтастығы дағдарысты еңсеруге мүмкіндік береді

 

  1. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы ынтымақтастықтың маңызы

         Сәрсенбі, 3 маусым күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Қазақстан Paramount Engineering» ЖШС-де болып, жұмыс орындарын көріп, кәсіпорын жұмысшыларымен сөйлесіп, ұжымдық шартпен (жұмыс берушінің әлеуметтік міндеттемелерін орындау), сондай-ақ өндіріс процесіндегі қауіпсіздік ( жұмысшыларды ЖҚҚ қамтамасыз ету) және еңбекті қорғау шараларымен танысты.

         «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС (KPI ЖШС) -  мемлекет пен арнайы күштердің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге арналған заманауи броньды дөгелекті машина (бұдан әрі - БДМ) шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын.  Зауыт жыл сайын 120 вагон шығарады. «KPI» ЖШС бас директоры Ербол Сәлімовтің айтуынша, жұмысшылардың жалпы саны 250 адам, олардың барлығы кәсіподақ ұйымының мүшелері.

        Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) төрағасы Сатыбалды Дәулеталин іссапардың мақсаты туралы айта келе, сәуір айының соңынан бастап жүздеген қазақстандық кәсіпорындар қалыпты өндіріс процесіне оралды және осыған байланысты әлеуметтік әріптестер алдында жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша жауапты міндеттер тұрғанын атап өтті.

     «Пандемия қауіпсіздік - өндірістің қалыпты жұмысының негізгі факторларының бірі екендігін көрсетті. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер мен жұмысшылардың бірлесе әрекет етуі маңызды. Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өздері де жұмыс орнына аурудан аман-есен оралуды қамтамасыз етуде басты рөл ойнап, коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатуда қол жеткізілген нәтижелерді күшейтулері қажет.   Қауіпсіз еңбек жағдайлары қамтамасыз етілмеген жерде адам денсаулығына және бизнестің тұрақтылығына қауіп төнеді», - деді ҚРКФ төрағасы.

          «KPI» ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов кәсіпорындағы әлеуметтік және еңбек қатынастары туралы айта отырып, Қазақстанда екі айға созылған төтенше жағдай кезінде зауыт ұжымы толықтай 100% жалақысы сақталатын демалысқа жіберілгенін атап өтті.

           «Кәсіпорын қайта іске қосылғаннан кейін біз ұжымдық келісім бойынша барлық цехтардың жұмысшыларына күніне үш рет тегін тамақ беруді жалғастырдық. Барлық санитарлық нормалар сақталған.  Атап айтқанда, кіреберістегі дезинфекциялау туннелінен бастап, міндетті түрде медициналық орталыққа бару және медициналық маска мен  қолғап  алу,  өндірістік процес барысында әлеуметтік қашықтықты сақтау және барлық жерде санитарлық тазартқыштар орнатылған.  Машиналарды қайта өңдеу және дезинфекциялау жұмыстары да арнайы кесте бойынша жүргізілуде», - деді Ербол Сәлімов.

           ҚРКФ мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 1 мамырына дейін жыл басынан бері қазақстандық кәсіпорындарда 413 адам жұмыс орнында жарақат алып, 54 адам қайтыс болды. Бұндай қайғылы жағдайлардың көпшілігі өндірістік кеңестер мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жоқ кәсіпорындарда тіркеліп отыр. Консервативті бағалауға сәйкес, өндірістегі жарақат пен кәсіптік аурумен байланысты жалпы экономикалық шығын мемлекеттің ЖІӨ-нің 3 пайызын құрайды. ҚРКФ төрағасының айтуынша, Қазақстан экономикасында тиімділікті арттыру және қоғамдық қорғауды қамтамасыз ету үшін орасан зор резервтер бар.

      «Не істеу керек? Біріншіден, өтемақы моделінен кәсіби тәуекелдерді басқаруға тезірек көшу қажет. Оның салдарымен күресуден гөрі проблеманың пайда болу қатерін анықтап, оны тоқтату оңайырақ. Сондықтан жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізетін кәсіби бағалаушылар институтын құру қажет. Сондай-ақ өндірістік кеңестер құру, техникалық инспекторлар корпусын нығайту арқылы қоғамдық бақылауды күшейту қажет», - деген ұсыныстарын жеткізді Сатыбалды Дәулеталин.

      Бүгінгі таңда қазақстандық кәсіпорындарда 15 мың өндірістік кеңес жұмыс істейді және 18 мың техникалық инспектор қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қадағалайды.

       «Қазақстан Paramount Engineering» ЖШС-де (KPI ЖШС) өндірістік кеңес таяуда ғана құрылған, сондықтан ҚРКФ оның тиімді жұмысын ұйымдастыруда консультативтік көмек көрсетеді.

 

  1. Рецессия кезеңінде жұмыс орындарын сақтаудың маңызы

     

         «KPI» ЖШС өндірістік цехтарын тексеру барысында «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы және зауыттың кәсіподақ ұйымының жетекшісі Төленді Жұртыбаев зауыт іске қосылған сәттен бастап (2015 жылдан бастап) компания қызметкерлер алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді: жалақыны уақтылы төлейді және  жүйелі түрде қызметкерлердің біліктілігін көтереді әрі қызметкерлердің денсаулығы мен демалысын жақсарту бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастыратынын атап өтті. Ұжымдағылардың жасы мен кәсіби құрамына келетін болсақ, қызметкерлердің 90 пайызы жас мамандар.

        Зауыт цехтарының бірінің жетекшісі, Назарбаев Университетінің түлегі Дияр Хамзин ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмен әңгіме барысында кәсіпорын қызметкерлерінің жүйелі түрде  шетелде өтететін кәсіби тағылымдаманың маңыздылығы туралы айтты.

      «Біздің команданың әлеуеті зор. Кейде біздің шеберхананың жігіттері, кейде дизайн бюросының жігіттері жыл сайын халықаралық тағылымдамаға жіберіледі. Өте жоғары жауапкершілікті жүктейтін жұмыс, осы тағылымдамалардың арқасында жоғары дәлдіктегі бөлшектерді өзімізде шығарып жатырмыз (кәсіпорында - ред.) Кадрлардың барлығы өзіміздің елімізден. Біз өз жұмысымыздың елдің қорғаныс кешені мен экономикасы  үшін қаншалықты маңызды екенін түйсінеміз, сондықтан  үнемі өзіміздің кәсіби біліктіліктерімізді жетілдіріп отырамыз », - дейді жас инженер.

       Кәсіпорындағы кәсіподақ комитетінің мәліметтері бойынша, зауыт іске қосылғаннан бері кадрлардың тұрақтамаушылығы өте төмен деңгейде яғни  бар болғаны бір пайызға да жетпейді.

      Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше,  биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында жұмыссыздар мен табыссыз қалғандар саны 4,2 млн адамға жеткен. Жылдың аяғында күтілетін жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрауы мүмкін (салыстырмалы түрде алғанда, 2019 жылдың соңында Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады).

     Осыған байланысты ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «KPI» ЖШС зауытында журналистерге берген сұхбатында Үкіметтің экономиканы қалпына келтіруде жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді басымдыққа алып қабылдаған шаралары еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыруы тиіс деп атап өтті.

     «Биыл жұмыспен қамту шараларына  1,2 миллион адамды тарту жоспарлануда. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 255 мың жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобалары іргелес салаларда 100000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға негіз болады»,  деген статистикаға келтірді Сатыбалды Дәулеталин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің барлық кәсіподақ бірлестіктері ортақ мәселені шешуге яғни  жұмыс орындарын сақтау және табыстарын уақытша жоғалтқан адамдарға жан-жақты қолдау көрсетуге күш біріктіруде. Кәсіподақтар федерациясы жұмыс орындарын сақтаудың дәстүрлі шараларын қолдануды ұсынады - бірнеше жұмыс пен артық жұмыстан бас тарту; толық емес жұмыс аптасын немесе жұмыс күнін енгізу; жұмысқа орналасуға көмек; мердігерлерден тапсырыстарды өз жұмысшыларына беру және біліктілікті арттыру.

         ҚРКФ төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кәсіподақтардың жаңа жұмыс орындарын сақтау және құру мәселелеріндегі ұстанымымен де бөлісті.

        «Мемлекет әлеуметтік-мәдени салада (денсаулық сақтау, білім, мәдениет) бұрын оңтайландырылған кәсіпорындар мен ұйымдарды қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыруы керек. Бұл сондай-ақ экономиканың осы салаларындағы жұмыс орындарының санын көбейтуге және осылайша жұмыспен қамтуды қолдауға көмектеседі. Үкімет қабылдаған шараларды одан әрі дамыту қажет. Жұмыссыз қалған жағдайда төленетін өтемақылардың уақыты мен мөлшерін арттыру қажет. Бұл шаралар келесі жылы міндетті түрде сақталуы керек деп санаймыз. Сонымен қатар, корпоративті бонустардың және компанияның басшыларына берілетін қосымша төлемдерді тоқтату есебінен коронавирус кесірінен жұмысынан айрылған адамдарды қайта даярлауды қаржыландыру үшін  өтемақы қорларын құру қажет », - деді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

        Оның пікірінше, жұмысынан немесе табысынан айрылып, қиын жағдайға тап болған адамдарды тек Үкімет қана емес, сонымен бірге әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары қолдау керек. Дәулеталин кәсіподақтар өз кезегінде дағдарыс салдарын жұмысшылардың мойнына артып,  тағдыр тауқыметімен бетпе-бет қалдыру әрекеттеріне тосқауыл болады дегенді баса айтты.

 

  1. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындарды қолдау және «KPI» ЖШС-нің банкрот болу мүмкіндігі туралы

 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС кәсіпорнының басшылығымен екіжақты келіссөздер кезінде зауыттың қызметімен танысқаннан кейін ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы барлық әлеуметтік әріптестермен, оның ішінде ел Үкіметімен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындарды қолдау мәселелері бойынша белсенді диалог жүргізіп жатқандығын атап өтті.

«Біз үкіметке, басшылары осындай қиын уақытта жұмыс орындарын сақтап қалу мүмкіндіктерін тауып жатқан ұйымдар мен кәсіпорындарға қаржылық қолдау көрсету туралы ұсыныспен шығуға ниеттіміз», - деп атап өтті Дәулеталин.

Өз кезегінде «KPI» ЖШС-нің бас директоры Ербол Сәлімов ҚРКФ төрағасына айырықша құзыреттілігі, тәжірибесі, техникалық мамандар тобы және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әртүрлі БДМ-ға барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мүмкіндігі бар, шынтуайтында елдің қорғаныс мүмкіндігі үшін стратегиялық маңызы бар компания жақын болашақта бірқатар проблемаларға тап болуы мүмкін екенін жеткізді.

 «Кәсіпорын қол жеткізген нәтижелерге және ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өндірушілерді қолдау қажеттілігі туралы тапсырмасына қарамастан, әсіресе жаһандық дағдарыс жағдайында, құқық қорғау органдары мерзімді түрде шетелден ұқсас бронетранспортерлер сатып алуда. Құқық қорғау органдарының орта мерзімді перспективада БДМ-ға бекітілген сұраныстары жоқ. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджетінің қысқаруына байланысты «Арлан»  БДМ-на тапсырыс едәуір яғни 63% төмендеді », - деді Ербол Сәлімов.

 Зауыт басшысының айтуынша, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу үшін отандық өндірушіге мемлекеттік қолдау шаралары қажет. Нақтырақ айтқанда «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ін Қазақстан Республикасының жүйелік маңызды кәсіпорындарының тізіліміне енгізу, ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан тапсырыстарды көбейту және құқық қорғау органдарының  БДМ-ды 5-10 жыл бойы сатып алу жоспарларын бекіту керек.

          Осы шараларды іске асыру зауытқа өз өндірісін сақтап қана қоймай, сонымен қатар бір өндіріс тізбегіндегі басқа да кәсіпорындарды қосымша өндіріс көлеммен жүктеп,  3000 адамды  жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

          Кәсіпорындағы жағдайды талқылау соңында Сатыбалды Дәулеталин мемлекет тарапынан стратегиялық кәсіпорындардың банкроттығына жол бермеу үшін шаралар қабылдау керектігін атап өтті.

Анықтама үшін: «Қазақстан Paramount Engineering» ЖШС (KPI ЖШС) - қазіргі заманғы броньды доңғалақты машиналар (БДМ) шығаратын Қазақстандағы бірегей және Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын. Компания өз қаражатымен бронды техниканың жаңа түрлерін сынақтан өткізуде (БДМ «Барыс 8х8», «Барыс 6х6» - ред.). Дизайн бюросы нөлден жаңа жеңіл броньды көлік құруды бастады. Серіктесі  «WSE» ЖШС- мен бірге «Шұғыла» өрт сөндіру жүйесі бар жауынгерлік модульдер жасалуда. Отандық бронды техниканы құрастыру бойынша инвестициялық жоба жасалуда. Бронетранспортер шығарудағы жергілікті өнім деңгейі 70% -дан асты.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.