ТІЖ (тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған ілеспе жүкқұжаттар) бойынша үздік 5 сұрақ – жауап

ТІЖ (тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған ілеспе жүкқұжаттар) бойынша үздік 5 сұрақ – жауап

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің ТІЖ бойынша жиі қоятын сұрақтарына жауаптарды ұсынады.

  1. СҰРАҚ: Тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (бұдан әрі – ТІЖ) қалай және қайда ресімделеді?

ЖАУАП: Өнім беруші (әкелген кезде – алушы) ТІЖ Электрондық шот–фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) «Виртуалдық қойма» модулі (бұдан әрі – ВҚ) арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімдейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды.

  1. СҰРАҚ: Қандай жағдайда ТІЖ ресімделген болып саналады?

ЖАУАП: ТІЖ, егер:

1) мұндай ТІЖ осы Қазақстан Республикасы салық заңнамасымен және Қазақстан Республикасы электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба занамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келсе;

2) мұндай ТІЖ–на ЭШФ АЖ–де тіркеу нөмірі берілген кезде ресімделген болып саналады.

  1. СҰРАҚ: Қандай жағдайда ТІЖ ресімделеді?

ЖАУАП: ТІЖ:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту кезінде;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;

3) ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету кезінде ресімделеді.

  1. СҰРАҚ: Салық төлеуші ТІЖ қандай жағдайда қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы?

ЖАУАП: Салық төлеуші ТІЖ қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын жағдайлар:

1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдай.

2) ҚР ҚМ МКК интернет–ресурсында ЭШФ АЖ–де техникалық қателіктер себебінен ТІЖ ресімдеудің мүмкін болмауы расталған жағдай.

  1. СҰРАҚ: ТІЖ қандай мерзімдерде ресімделеді?

ЖАУАП: ТІЖ ресімдеу бойынша міндеттеме мынадай:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталған күннен кешіктірмей;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде:

ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан – еркін айналымға тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен кешіктірмей;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталған күннен кешіктірмеген мерзімде туындайды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.