1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Департамент қызметкерлерінің балалары арасында 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған іс шаралар ұйымдастырылды.
Елдегі карантин жағдайына байланысты, «Әлем балалар көзімен» атты суреттер және ән-күй, би жарысына Департамент қызметкерлерінің балалары онлайн қатысты.
Жеңімпаздарды анықтау оңай болмады, себебі әр жұмыстың әрқайсысы өзінің ерекшелігімен дараланды.
Конкурсқа келген жұмыстардың ішінен жюри ең үздіктерін таңдап алды.
Шығармашылық конкурстың барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Конкурсқа қатысқан барлық балаларға зор алғыс білдіреміз.
Барлық балаларды оқу мерзімінің аяқталып, каникулдың басталуымен құттықтай отырып, қауіпсіз де көңілді, қызықты оқиғаларға толы демалыс тілейміз.
Сіздердің назарларыңызға ең үздік жұмыстарды ұсынамыз. Біздің балаларымызды қолдап отырыңыздар.
[xfvalue_img]
23 пікір