Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 14 сәуірден бастап, ел аймақтарының барлығындағы көктемгі дала жұмыстарының барысы жайында ақпарат таратып келді. Ендігі кезекте Атырау облысы. Қазіргі таңда, облысыта егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл аймақта егін алқабы айтарлықтай үлкен болмағандықтан, диқандар аз уақыт ішінде жерді өңдеп, жартысына жуығына егін салып үлгерді.
Биыл Атырау облысының егіс алқабы 9222 га құрайды. Оның көп бөлігіне, яғни, 3332 гектарына жемшөп дақылдары егіледі. Көкөністер 2,6 мың гектарға, картоп 2 мың гектарға, қауын 1,2 мың гектарға салынады.
Қазіргі уақытта облыста егіс алқабының жартысы игерілген, оның ішінде жемшөп дақылдары - 1878 га, көкөністер - 1 271 га, қауын - 600 га, картоп - 705 га.
Егіс жұмыстарына 305 ауылшаруашылық кәсіпорындарының 1,5 мың қызметкері қатысады. Сондай-ақ, 783 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды.
Айта кетейік, Атырау облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері биылғы жылы арзандатылған дизель отынын бөлуге өтініш берген жоқ.
[xfvalue_img]