«Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» акциясы басталды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акцияcының басталғанын хабарлайды. Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Акция жылдың соңына дейін жалғасады.
[xfvalue_img]