ҚАЖ мекемелерінде «Біз біргеміз» акциясы жалғасын  табуда

ҚАЖ мекемелерінде «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда

 Республика деңгейінде , Қызылорда облысы   бойынша, эпидемиялық ахуал көрсеткіші жоғарылау екені баршамызға  белгілі. Осыған орай ,ел мүдесіне қызмет жасап жүрген, ұлт жанды азамат ,азаматшаларымыз бұл жағдайды жеңілдетудің қамын ойлап, соған сай іс-әрекет етуде.

     Нақтырақ айтар болсам, ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің бастығы,әділет подполковнигі Т.Қалымбетовтың бастамасымен  атқарылып жатқан іс-шараларды ерекше айтуға болады. Соның негізінде, ЗК-169/5 мекемесі, Республика бойынша жарияланған «Біз біргеміз» атты акцияға белсенді түрде  үн қосып келеді.Елімізде төтенше жағдай орнап,короновирустық инфекцияның белең алуына алаңдаған халықтың жасыған көңілін көтеру мақсатында ,көпшілік белсенді қарап отыратын ,әлеуметтік желіге ,патриоттық сезімді нығайтатын әуенмен әрленген видеоролик жарияланды.  Бұл видеоролик   эпидемиялық жағдайдың алдын алу үшін, мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар жайында болатын. Бұдан кейінгі құптарлық іс-шараның бірі,мекеме қызметкерлері мен мекемеден зейнеткерлікке шыққан ардагерлермен  бірлесе отырып жасаған қайырымдылық акциясын да атап өткеніміз жөн. Акция негізінде,қаламыздың шалғай елді мекенінде тұратын көп балалы отбасыларға азық-түлік жеткізілген.Мекеме тарапынан бұндай қайырымдылық акциясын жалғастыру мақсатында,мекеме бастығы  Т.Қалымбетов  өзіндей ,ұлт жанды азаматтарды тарта отырып, тағы бір ізгі іс-шараның орындалуына ықпал етті .РМК«Еңбек Қызылорда» филиалының директоры Е.Төребеков және «Ас-Ка» ЖШС директоры Д.Маханова ханыммен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға тағы да, көмек көрсетілді. Бірақ бұл жолғы көмек азық –түлік емес, инфекциядан сақтану жағдайында пайдаланатын құралдар болды. Тарқата айтқанда бұл көмек бойынша ,Қызылорда облысы Талсуат елді мекенінде орналасқан «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» Комуналдық мемлекеттік мекемесіне 1000 дана бір реттік бет перде,200 дана бірреттік медициналық қолғаптар табысталды. Қолғаптармен қамтамасыз етуге , мекеме қызметкерлері өз еріктерімен демеушілік жасады. Ал ,бет пердені тіккендер, осы мекемеде  жазасын өтеп жатқан сотталғандар болатын. Оларды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған ,үлкен жүректі азамат РМК Еңбек-Қызылорда филиалының директоры Е.Төребеков мырза мен «Ас-Ка»ЖШС  директоры Д.Маханова ханым бет перде матасымен қамтамасыз етіп,мырзалық танытты.Көмек алушы мекеменің  директоры А.Шамшатова қайырымдылық көрсетуші азаматтарға,өз ұжымы және қамқоршылықтағы балалар атынан алғыс айтты.Ал ,біз  әрдайым игі істердің жаршысы болып жүретін ,сын сағатта халықтың сағы сынбасын деп,қамқорлық танытудан қашпайтын жандарды ұйымдастыра алған , ЗК-169/5 білікті мекеме басшысы Қалымбетов Тасболат Шакенұлының  жасап жатқан  қарқынды жұмыстарымен мақтанамыз, әрі үлгі тұтамыз .

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.