АШМ: шетелде қазақстандық қырыққабатқа деген сұраныс төмендеп кетті

АШМ: шетелде қазақстандық қырыққабатқа деген сұраныс төмендеп кетті

Бүкіл әлемде коронавирустың таралуы салдарынан азық-түлік тауарларына деген сұраныстың өсуі аясында Қазақстан бастапқыда қырыққабат, пияз және сәбіз сияқты көкөністерді экспорттауға тыйым салды.

         Тыйым елдің азық-түлік қауіпсіздігі және өз халқымызды жеткілікті мөлшерде азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Бұл шешім ескі дақыл қорының аз болуына байланысты шығарылды. Қалай болғанда да, былтырдан қалған қорды жаңа өнім алу кезеңіне дейін жеткізу қажет болды.

Тыйым салу туралы бұйрық 22 наурыз күні ішкі өнімдерді шетелдерге жаппай шығаруға байланысты қабылданды. Сондай-ақ, бұйрық 11 күн ғана әрекет етті. 2 сәуірден бастап тыйым алынып тасталып, шаруалар белгіленген квоталар шеңберінде қырыққабат, пияз және сәбізді экспорттауға мүмкіндік алды. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннаға жуық қырыққабат экспортталды. Фитосанитарлық сертификаттар уақытылы берілді, өтінім бергендерге ешқандай кедергі болған жоқ.  

         Өңірлік тұрақтандыру қорлары ішкі тұтынуға қажетті көлемді сатып алғаннан кейін, 14 сәуірде шектеулер толығымен алынып тасталды. Тыйым алынып тасталғаннан соң, 20 мың тоннадай қырыққабаттың 971 экспорттық сертификаты берілді.

Биылғы жылы қырыққабатты жаппай жинау 10 сәуірде басталды. Осылайша, елдің оңтүстігі жаңа өнімге қол жеткізген соң, Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық тыйым салулар туралы бұйрықтың күшін жойды.

         Өсірілген қырыққабат көбіне Ресей Федерациясына, Украина мен Беларуссияға шығаруға арналды. Алайда, карантиннің кеңінен енгізілуіне және экспорттық-импорттық қатынастардың шектелуіне, сондай-ақ супермаркеттердің, дүкендердің, базарлардың, мейрамханалардың және басқа да сауда орындарының жабылуына байланысты қазақстандық қырыққабатқа деген сұраныс ішкі нарықта да, шетелде де күрт төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.