«САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЖОБАСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ
Елімізде орын алған жағдайларға байланысты қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту және тәрбие беру процесінде интернет-ресурстар белсенді пайдаланылуда.
Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту академиялық адалдық пен білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін күшейтті.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қашықтықтан оқыту жағдайында бұл мәселелерді күн тәртібінде ұстауда.
Сонымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің тапсырмасы бойынша апта сайын студенттердің бойында парасаттылықты қалыптастыру, академиялық адалдықты сақтау мәселелері бойынша кураторлық сағаттар, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері" оқу пәні бойынша сабақтар өткізіледі.
"Жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қашықтықтан оқыту технологиялары мүмкіндіктерін белсенді пайдалана отырып, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру үдерісіне үлес қосу бастамасын қолдаймын" - дейді ШҚМУ қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті Гүлмира Байркенова.
Сондай-ақ, осы сабақтар барысында студенттерге плагиаттың алдын алу стратегиясы түсіндіріледі, плагиаттың бар-жоғына арналған жазбаша жұмыстарды онлайн тексеру жүйелері туралы ақпарат беріледі.
[xfvalue_img]