«Құлқынның құлы» болған жолсеріктер

«Құлқынның құлы» болған жолсеріктер

Елдегі төтенше жағдайға және коронавирустың таралу қаупіне қарамастан, жолсеріктер «қояндар» арқылы қалталарын заңсыз толтыру мүмкіндігін мүлт жібермеуде.

Петропавл вокзалында «құпия сатып алушылар» «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық тобымен бірлесіп, жолсерікке қолма-қол ақы төлеп, Алматы мен Көкшетауға дейін пойызбен билетсіз жетуге келісе алды.

Қоғам белсенділері қазақстандық темір жол компаниялары мен Петропавл вокзалының жұмысына мониторинг жүргізу барысында делдалдарды кездестірмеді. Дегенмен, кассаларда билет тапшылығы мен кезектердің байқалмауына қарамастан, жолаушылар жолсеріктермен билетсіз жүруге еш кедергісіз келісті.

«Құпия сатып алушының» №706 пойыз вагондарының жолсеріктерімен әңгімесі барысында Көкшетауға дейін 5000 теңгеге, ал Алматыға дейін 15000 теңгеге билетсіз жету мүмкіндігі бар екендігі белгілі болды», - деді жобалық кеңсесінің жетекшісі Амангелді Сатанов.

Келесі күні сағат 14:54-те «құпия сатып алушы» ешбір құжатсыз және билетсіз №706 «Тальго» жүрдек пойызымен Алматыға дейін 15000 теңгеге жетуге қол алысты. Ең алдымен 20000 теңге сұраған жолсерік, өзінің сыбайласымен ақылдаса келе 15000 теңгеге келісті.

Мұнымен тоқтамаған белсенділер Қызылорда бағытына бет алған №076 пойызының қызметкерлерімен де еш қиналмай 10000 теңгеге келісе алды.

«Мұнда алдыңғы жайттарға қарағанда жолсерік жеке куәліктің суретін сұрады, тек содан кейін ғана жолаушына өзімен алуға келісімін берді», - деді Амангелді Сатанов.

Көліктік бақылау инспекциясы бөлімінің басшысы Манарбек Ибраевтың айтуынша, теміржол вокзалындағы тексерістер тұрақты негізде жүргізіледі.

«2020 жылдың 2 айында «Адал жол» жобасын іске асыру аясында 17 пойыз тексеріліп, 15 билетсіз жолаушы анықталды, өзге бұзушылықтардың саны 7. Барлығы жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесін бұзу бойынша барлығы 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 84 832 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Манарбек Ибраев.

Сондай-ақ ол, билетсіз жолаушы тасымалы үшін әкімшілік жауапкершілікке тек жолсерік қана тартылатынын түсіндірді, ал жолаушы болса билеттерді сатып алуға арналған тарифтік станцияларда шығарылады.

 

БЕЙНЕРОЛИКТІҢ СІЛТЕМЕСІ: https://www.youtube.com/watch?v=kPG0ZFyM8RY

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.