БАЛАЛАР ПАРАСАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі облыстық Білім басқармасымен бірлесіп Көкшетау қаласының орта оқу орындарында "парасаттылық – балалардың көзімен" тақырыбында сурет көрмесін өткізді.
Өз шығармашылығында кіші және орта сынып оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылық білдіріп, адал және парасатты өмір салтына оң көзқарас білдірді.
«Кто правдой живет – тот добро наживет», «Быть честным всегда!», «Сохрани руки чистыми», «Честности и неподкупности – да, коррупции – нет!», «Мир без коррупции», «Молодежь против коррупции», «Давайте жить честно» - сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытуға шақыратын осындай қысқа слогандармен жас суретшілер плакаттар мен парақшаларда суреттерін бейнеледі.
Жұмыстар көрнекті және әсерлі болды, ал көрмеге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялармен танысты. Оқушылардың осы шығармашылық іс-шараға белсенді қатысуы өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және парасатты қоғам құруға өз үлестерін қосуға үлкен ықыласы бар екенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]
6 пікір