Қалалық дебаттық тренинг аясында қоғамдағы парасаттылық туралы пікірталас өткізілді
Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жалпы дебаттық маусым басталмас бұрын қалалық дебаттық тренинг алаңында парасаттылық мәселелері бойынша коучинг өткізді.
Іс-шараға еліміздің дамуына мүдделі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа өз үлесін қосуға дайын белсенді, зияткер және патриот жастар жиналды. Жас дебатерлердің ашықтығы мен бастамашылдықтары - іс-шараны қызықты және еркін форматта өткізуге өз ықпалын тигізді.
Қатысушылар арасында жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, республикалық және аймақтық дебаттық турнирлердің жүлдегерлері, сондай-ақ "Саналы ұрпақ" студенттік клубтарының және "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының белсенділері болды.
Негізгі тақырып бойынша спикер ретінде превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Нұрболат Махмұтов сөз сөйледі.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғам мүддесі үшін әрбір жеке тұлғаның парасатты мінез-құлқының маңыздылығы да қарапайым әрі еркін түрде түсіндірілді.
Республикалық дебаттық турнирлердің жүлдегерлері алған білімдерін нығайту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында пікірталас үлгісін көрсетті. Сөз жарысында дебатерлер смартфондар мен электрондық техниканы қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әрі инновациялық әдістерін ұсынды.
[xfvalue_img]