Елорданың мемлекеттік қызметкерлерін тергеу изоляторына профилактикалық экскурсияға апарды
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, елорданың мемлекеттік органдарының басшылары үшін ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында "профилактикалық" экскурсия өткізді.
Экскурсия басталғанға дейін қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, қалалық ақпараттық-ағартушылық штаб басшысы, жазушы Сәдібек Түгел, департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Жұматаев Ернар Құрбанбекұлының қатысуларымен кездесу өткізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараны өткізудегі басты мақсат келушілерді қорқыту емес, керісінше әрбір қызметкердің құқық бұзушылық туралы түсінігін қалыптастыру, басшы не қатардағы қызметкер болсын мемлекеттік аппарат жұмысына жемқорлықтың көлеңкесін келтірген жағдайда орын алар нәтижені көзбен көрсету болды.
Экскурсия барысында қонақтарға карантин бөлімшесінің үй-жайы, жаңадан келген сезіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторын ұстау тәртібі мен шарттарымен таныстыруға, сондай-ақ денсаулық жағдайын тексеруге және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды өткізуге, олармен психологиялық зерттеулер жүргізуге арналған үй-жай, санитарлық бөлім, жинау бөлімшесі, асхана, монша-кір жуу кешені, тергеудегі және айыпталушыларды ұстауға арналған режимдік корпус (камералар) көрсетілді.
Арнайы контингентке тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттар мен тауарларды беру үшін келетін қоғамдық қорғаушыларды, адвокаттарды, туыстарын және өзге де адамдарды күтуге арналған, олармен кездесуге және анықтама беру терезесі бар фронт-офисті аралап шығумен аяқталды.
Мемлекеттік қызметкерлер бостандықтан тыс өмірді тез бағалады, аумақтан тезірек кетуге асықты. Ешкім де өз әсерлерімен бөлісуге батылы бармады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті
[xfvalue_img]
25 пікір