Елордалық мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қалалық бір мектептің директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқан дейінгі тергеу басталды.
Ол ЖШС өкілінен мектептегі тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін 742 мың теңге көлемінде (айлық бюджеттік қаржыландырудың 10%) пара алды деп күдіктелуде.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
[xfvalue_img]
13 пікір