ҚАЗАҚСТАНДА АИТВ ЖӘНЕ БАСҚА ДА СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРМЕН АУРАТЫН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ПСИХО-ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ СТАНДАРТТАРЫ ЖАҚСАРАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АИТВ ЖӘНЕ БАСҚА ДА СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРМЕН АУРАТЫН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ПСИХО-ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ СТАНДАРТТАРЫ ЖАҚСАРАДЫ

 

  Нұр-Сұлтан қаласында 9 желтоқсан күні - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді психо-әлеуметтік қолдау» оқу модулін ұсынды. Тұсаукесер республикалық кеңес барысында, Қарағанды медицина университеті, облыстық ЖИТС орталықтары, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Қазақстан денсаулық сақтау саласында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді, оның ішінде бұл балаларға да қатысты. Сонымен қатар, денсаулық – бұл тек физикалық жағдай ғана емес, сонымен бірге психикалық әл-ауқат та деген түсінік таралуда», - деп атап өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен. «Гепатит, туберкулез, АИТВ және диабет сияқты созылмалы аурулармен өмір сүру тіпті ересек адамдар үшін де оңай емес. Созылмалы аурулармен ауратын балалар ерекше қолдауға мұқтаж және бұл үшін кешенді түрде жұмыс істеу қажет. Біз бұл түсінігімізді негізгі одақтастарымыз – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында көруге қуаныштымыз».

Қазақстанда соңғы жылдары АИТВ-ны жұқтыру және анадан балаға инфекцияның берілу жағдайлары төмендеді, дегенмен, АИТВ жойылған жоқ. Елімізде АИТВ-ның оң мәртебесімен 531 бала мен жасөспірім тіркелген.

«Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдер үшін терапияны ұстану, қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы білімді нығайту, сондай-ақ өмірлік дағдыларды дамыту өзекті мәселе болып қалуда», - деді ЮНИСЕФ бағдарламасының денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі үйлестірушісі Қанат Суханбердиев. «Сондай-ақ, адамдар АИТВ - үкім емес екенін түсінуі үшін АИТВ туралы дақпыртты сейілтіп, хабардарлықты арттыру қажет».

Кеңес беру және әлеуметтік қолдау АИТВ-мен ауыратын жасөспірімдерге және оларға күтім жасайтын адамдарға емделуге бейімділікті сақтауға, психикалық денсаулық проблемаларының дамуын болдырмауға және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесе алады. «АИТВ-мен және басқа да созылмалы аурулармен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерді психо-әлеуметтік қолдау» оқу модулін енгізу – бұл балалар тобын, әсіресе әлеуметтік жағынан осал балаларды қолдауды жақсартуға үлкен қадам.

«Біз бұл модульдің АИТВ-мен өмір сүретін балалармен ғана емес, сонымен қатар басқа да созылмалы аурулармен жұмыс жасау сапасын жақсарту үшін медицина қызметкерлерін даярлайтын жоғары оқу орнына дейін және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына енгіземіз деп үміттенеміз», - деді Бауыржан Байсеркин, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры.

ЮНИСЕФ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мамандардың, әлеуметтік және медициналық қызметкерлер мен ата-аналардың АИТВ-мен ауратын балалар мен жасөспірімдерді және олардың ата-аналарын/ қамқоршыларын психоәлеуметтік қолдау мәселелері бойынша әлеуетін дамытады. Бұл қызмет 2019-2021 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясы індетіне тартылған балалар мен жасөспірімдерді және олардың ата-аналарын психологиялық-әлеуметтік қолдау мен бейімделуін дамыту» бірлескен бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

Кеңес қорытындысы бойынша оқу орындарының бағдарламаларына модульді енгізу жоспары әзірленді. Модуль дәрігерлерді, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді созылмалы аурулармен ауыратын балалармен және жасөспірімдермен сапалы жаңа деңгейде жұмыс істеуге дайындайды. Психо-әлеуметтік қолдаудың жаңа әмбебап стандарттары ұлттық медициналық білім беру жүйесіне енгізілуде. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша өзінің алдына маңызды стратегиялық мақсат қойды. Бұл ретте халықтың жалпы санының 31,4%-ын құрайтын қазіргі балалар мен жасөспірімдер оң өзгерістерді бәрінен көп сезінетін болады және сондықтан да қойылған мақсатты іске асыруда белсенді қатысушылар болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.