«Барлық игілік адам еңбегімен жасалады». Тоғжановтың Жезқазған жастарымен кездесуі

«Барлық игілік адам еңбегімен жасалады». Тоғжановтың Жезқазған жастарымен кездесуі

    ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов  Жезқазған өңіріндегі  жұмыс сапарының екінші күні Жезқазған қаласындағы Мәруа Құлышева атындағы балалар үйіне барды. Бүгінде  бұл  мекемеде 35 бала тәрбиеленеді. Балалар үйінің директоры Ғазиз Жетібаев  қонақтарды тәрбиеленушілерге жасалып отырған жағдаймен таныстырды. Мекемеде   балаларды жан-жақты дамыту үшін спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді.

 ҚРКФ делегациясы балалар үйін 1989-1997 жылдар аралығында басқарған Мәруа Құлышева атындағы музейді аралады. Аты аңызға айналған педагог Мәруа Құлышеваның бастамасымен балалар үйі отбасылық типтегі балалар үйіне айналған болатын. Балалар мекемесінің қызметкерлерінің айтуынша, Мәруа Жарылғапқызы барлық жан жылуы мен  қажырлы еңбегін осында тәрбиеленген ұл-қыздардың жоғары білім алуы мен өз пәтерлеріне қол жеткізуіне арнаған аяулы жан еді.  Осындай жемісті еңбегінің арқасында «ҚазССР ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен және «Құрмет» орденімен марапатталған. «Оның еңбекқорлығы мен аналық мейірімін тек тәрбиеленушілер мен ұжым ғана емес, бүкіл кеншілер қаласы құрмет тұтатын» - дейді балалар үйінің директоры Ғазиз Жетібаев.

«Сіздер  осындағы бар баланың бақытты әрі табысты болып өсуіне бар күш-жігерін арнаған Мәруа Құлышеваның идеяларын жалғастырып отырсыздар. Қазіргі ұрпақтың тағдыры - біздің қолымызда. Ол үшін күн сайынғы қажырлы еңбек пен ең бастысы - әр балаға деген сүйіспеншілік қажет», - деді ҚРКФ төрағасы Е.Тоғжанов.

Балалармен емен-жарқын сөйлескен  Ералы Тоғжанов оларға еліміздің белгілі азаматы болып, алға қойған мақсаттарына жетіп, биік шыңдарды бағындыруға тілек білдірді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері өз кезегінде шеберліктерін көрсетіп, спорттық жетістіктерімен бөлісті.

«Барлық игілік адам еңбегімен жасалады. Сіздердің алдарыңызда үлкен өмір жолы бар. Жақсы оқыңдар, алдарыңа мақсат қойыңдар, өмірдің үлгілі жақтарын үйреніңдер, сонда барлық жетістіктерге жетесіңдер», - деді Тоғжанов жас спортшыларға айтқан тілегінде.

Кездесу соңында ҚРКФ төрағасы балалар үйіне картина сыйлады. 

Тоғжанов: «Жастар саясатын қалыптастыру мен маңызды әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуде жастар үні естілуі тиіс»

          Бұл күні ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығының «Келешек» Жастар кеңесі мүшелерімен кездесті.

  Кездесу  кәсіподақ қозғалысының құндылықтары негізінде жаңашыл идеялар мен еңбекші жастарды қолдаудағы жобаларды талқылаған тиімді диалог алаңына айналды. Жастар Кеңесінің кәсіподақ белсенділері  жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі, еліміздегі  әлеуметтік-еңбек қатынастарына тартылуы мен жұмысшы жастардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері жайлы сөз қозғады. Жастар қозғалысы қызметін талдай келе, ҚРКФ төрағасы Жастар жылы аясында жас қазақстандықтарды мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған маңызды іс-шараларды атап өтті. Сонымен қатар, Е.Тоғжанов  қазіргі таңда елімізде 15-28 жастағы жұмыссыздар саны 81 мың адамды құрап отырғандығын, Қарағанды облысында  2019 жылдың екінші жартысының қорытындысы бойынша 6,5 мың жас жұмыссыз екендігін жеткізді.

«Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту кәсіподақтар ұйымы жұмысындағы басым бағыт болып қала береді. Осы ретте белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа орналаса алмау жайттары алаңдаушылық тудырады. Бір жылдан астам аралықта жұмыссыз жүру қаржылық әлеуетке ғана емес, кәсіби біліктілік пен адамның өзіне деген сенімділігіне кері ықпал етеді», - деді ҚРКФ төрағасы.

Сонымен қатар, кәсіподақтар жұмысының негізгі бағыттары  жастар саясатын тиімді жүргізу, стартап жобалар және жас кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсету, кәсіподақ қызметіне инновациялық технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті.

           Е.Тоғжанов  жастардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар мәселелерге көңіл бөлу , Еңбек адамының мәртебесін арттыру, еңбек нарығында жастарды қорғаудың жаңа механизмдерін әзірлеу мәселелерін жан-жақты қарастыру және Жалпыға Ортақ  Еңбек қоғамы жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жайына тоқталды.

 Ералы Тоғжанов бастаған ҚРКФ делегациясы бүгін Жошы хан кесенесіне барып, тәу етті. 

 

 

         ҚР Кәсіподақтар Федерациясының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.