Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (әрі қарай- МКБ) Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халқына жолдауында бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырғанын еске салады.
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша МКБ-да салықтық амнистияға негізгі бересін өтеген жағдайда 4795 салық төлеуші іліне алады. Салықтық амнистияға жатанын жалпы өсімпұл соммасы 857,2 млн.тг., айыппұл- 240 млн.тг.
Бүгінгі күні басқармада негізгі салықтық берешегін өтеген 1813 салықтөлеушінің жалпы соммасы 260 млн.тг. өсімпұл кешірілді.
Салықтық амнистия кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді механизімі екендігін және стратегиялық маңызы бар екендігін уақыт көрсетуде. Себебі, салықтөлеушілердің салықтық жүктеден босау үшін негізгі салықтық қарызын өтеуге ынталандыруда.
Бұл, өз кезегінде, банктік шоттарды ашуға, мүлікті пайдалануға қойылған шектеуді шешуге және бизнесті заңды түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]