ЖОО-ның тағы 11 үздік түлегі «Цифрлық  жаз» Бағдарламасы бойынша «самұрық-қазына» қоры компаниялар тобына жұмысқа орналасты

ЖОО-ның тағы 11 үздік түлегі «Цифрлық жаз» Бағдарламасы бойынша «самұрық-қазына» қоры компаниялар тобына жұмысқа орналасты

 «Цифрлық жаз – 2019» жас IT-мамандарға арналған үш айлық тағылымдама  бағдарламасының қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компанияларына 78-ден 11 үздік тағылымгер сәтті жұмысқа орналасты. Аталмыш бағдарлама жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған «Жас Самұрық» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

«IT саласындағы технологиялар тез ескіріп, тез жаңарып жатыр. Сол себепті «Цифрлық жаз» бағдарламасы елдің дарынды жастарына тәжірибе барысында өз білімдерін көрсетуге объективті мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жыл бағдарламаның шарттары талапшыл болды. Дегенмен, 78 тағылымгер өздерінің мықты дағдыларын көрсетті, елдің үздік IT мамандарынан практикалық жұмыс тәжірибесін алды және бәсекеге қабілетті болу үшін озық әзірлемелерді қалай пайдаланатыны білді. Олардың 11-і Қор компаниялары тобының қатарына қосылды»,- деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.

Ағымдағы жылы «Цифрлық жаздың» екінші толқынын IT саласындағы 6 бағытты қамтыды. Сонымен қатар, бағдарлама жазғы практика барысында айына 50 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы енгізілді. Практиканың соңғы кезеңі Хакатон форумымен өз мәресіне жетті, онда апта ішінде студенттер белгілі бір бизнес-есептерді шешу мақсатында нақты кейстермен жұмыс істеді.

2019 жылдың 17 маусымы – 29  тамыз аралығында жас мамандар мына компанияларда тағылымдамадан өтті: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Қазпоша» АҚ, «ҚазТрансАймақ» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Кселл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, "QazCloud" ЖШС және "Самрук-Казына Бизнес Сервис" ЖШС.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы 72 жас маман сәтті өтіп, соның 33-і жұмысқа орналасты.

Айтап өтейік, Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Цифрлық жаз» бағдарламасына оң бағасын берді. Бұл бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі - SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei ірі агломерат өнімдерімен практикалық жұмыс тәжірибесі болып табылады.

 

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар

 жөніндегі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.