Денсаулығымызға жауапты болуымыз керек

Денсаулығымызға жауапты болуымыз керек

 

АИТВ эпидемиясы 30 жыл бойында жалғасып келетні бәрімізге белгілі. Жыл сайын әлемде шамамен 2 миллионға АИТВ жаңа жағдайлары тіркеледі, 1 миллионнан астам адам АИТВ-мен байланысты себептен қайтыс болады.

Елімізде АИТВ-инфекциясын дер кезінде белсенді анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде АИТВ-инфекциясының таралуына ықпал ететін мінез-құлықтық қауіп факторлары бар осал топтары (инъекциялық есірткілерді тұтынушылар, бей-берекет жыныстық қатынастар, коммерциялық секспен қызметін көрсетушілер) арасында.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымның (ДДҰ) ұсыныстарына сәйкес 2020 жылға қарай АИТВ-инфекциясының диагностикаланған (анықталған) жағдайлары 90% құруы қажет. АИТВ-ның ерте диагностикалаудың жоғарғы практикалық маңызы бар – АИТВ жұқтырған пациент ертерек медициналық бақылауға алынса, оның денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың мүмкіндіктері жоғары. Сол үшін де Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың қаржысы ұлғайтылған, жыл сайын қала тұрғындарының 30% АИТВ-ға зерттеуден өтеді, бұл ДДСҰ ұсынған көрсеткішінен (кемінде 10% зерттеуден өту қажет) үш есе артық.

Біздің қаламызда 1997 жылдан бастап тұрғындардың әртүрлі топтары үшін алдын алу іс-шараларының жалпы кешені жүргізіледі. Осының арқасында, тәуекел топтары арасындағы динамикада АИТВ-инфекциясын анықтау жиілігінің азайғандығы байқалады. АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, 25-40 жас арасындағы қарапайым халық арасында жыныстық жолмен жұқтыру орын алған жағдайлар жиі тіркелуде.

Алдын алу шаралары тұрғындардың осал топтары арасында, жалпы халық арасында, оның ішінде ұйымдасқан жастар арасында жүргізіледі. Алдын алу жұмыстарын жүргізу кезіндегі негізгі екпін ведомство аралық ынтымақтастықтарға, ҮЕҰ мен жастар орталықтары (СӨС) ресурстарын тартуға бағытталады. Себебі осындай сырқаттың алдын алу жастардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді, оның ішінде ең маңыздысы өзінің денсаулығына деген қарам-қатынас пен салауатты өмір салтының мінез-құлқын өзгертуге бағытталған, тұрғындарды хабарландырудың әртүрлі әдістерін қолдану болып табылады.

Жастар АИТВ жұқтыру бойынша әрқашан тәуекел тобына кіреді. АИТВ эпидемиясының даму тарихында «АИТВ-жастар ауруы» деген түсінік қалыптасты.

Жастардың жыныстық қатыстағы сауаттылықтарының азды, олардың практикасындағы бей-берекет жыныстық қатынастардың болуы аталған топты АИТВ жұқтыратын топтар ішінде ең осал топ ретінде көрсетеді.

АИТВ жыныстық жолмен таралуының өсуі АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелдер санының өсуі мен олардан туған АИТВ жұқпасын жұқтырған балалар санының өсуіне алып келеді. Осыған байланысты АИТВ эпидемиясымен күресудің маңызды бағыттарының бірі, АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу болып табылады. Балалар арасындағы АИТВ алдын алу мақсатында, барлық жүкті әйелдер жүктілік кезінде АИТВ қарсы екі мәрте тестілеуден өтулері қажет. Тест нәтижесі оң болған жағдайдың өзінде, АИТВ дер кезінде арнайы алдын алу дәрілерді қабылдаған жағдайда, АИТВ жұқтыруды 40% дан 2-5% дейін төмендетуге болады. Осының арқасында, АИТВ жұқпасын жұқтырған әйелдер жүктілікті сақтап қалу туралы шешім жиі қабылдайды және олардың дені сау сәби туу мүмкіндіктері бар.

АИТВ таралу мәселесі күрделі де кешенді мәселе болып табылады. Бір мәселені шеше отырып, сырқаттың нашарлауына мүмкіндік беретін екінші мәселені де ұмытпау қажет. Бұл жерде пациенттердің жауапкершілігі де маңызды мәнге ие. Өкінішке орай, олардың арасында медициналық бақылау мен емнен қашып жүрген тұлғалар да бар, осындай азаматтармен жұмыс жасау, оның ішінде қарапайым әңгімелесу мен жауапкершілікке тартуды тоқтатпау қажет. Себебі дәл осы топ АИТВ инфекциясың таралуында қосымша қауіп төндіреді.

Өздеріңіз көріп отырғандай 30 жылдық тарихы бар АИТВ мәселесінің өзектілігі төмендеген жоқ, керісінше бірлесіп шешуді қажет ететін жаңа проблемалар мен мәселелер туындауда. АИТВ проблемасы тек қана денсаулық сақтау ұйымдар мен медициналық қызметкерлердің күшімен ғана шешу керек деген түсінік қате пікір. Аталған жағдайда шешім мен жауапкершілік қоғамның барлық мүшелеріне бөлінуі қажет.

 

Нұр-Сұлтан қаласы

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы

Мусина Салтанат Бериковна бас дәрігердің орынбасары

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.