Пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ инфекциясы

Пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ инфекциясы

АИТВ инфекциясы немесе адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған инфекция қауіпті дерт, ол өз салдарларымен ғана емес, эпидемиялық қауіптілік дәрежесімен де түршіктіреді. Қазіргі уақытта біздің елімізде 30 мыңнан астам АИТВ жұқтырғандар тұрады.

АИТВ инфекциясы Қазақстанның көптеген түрмелерінде шындыққа айналды.

Әлемдегі қамаудағылар арасында АИТВ жұқтыру деңгейі туралы деректер есепке алу жүйесіне, сондай-ақ қауіп факторларының таралуына байланысты әртүрлі. Бұл құқыққорғаушылар мен әлеуметтік қызметкерлерді қамаудағы АИТВ жұқтырғандар қандай жағдайларда ұсталатыны, олардың қажетті дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ дәрігерлік көмекті алу мүмкіндігінің бар-жоғы туралы шындап ойлануға мәжбүрлейді.

Түрмелердегі иммунитет тапшылығы вирусының алдын алу жағдайы да алаңдатпауы мүмкін емес. Бірқатар проблемалардың барлық спектріне қарамастан, жыл сайын сотталғандар арасында АИТВ жұқтырғандардың саны азайғанын атап өту керек.

Егер де Нұрсұлтан қаласы пенитенциарлық жүйесіндегі АИТВ инфекциясы ауруының статистикасы туралы айтатын болсақ, онда АИТВ жұқтырғандардың жалпы санының 1,5-2% бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға тиесілі. Барлық жағдайлар тергеу изоляторында анықталған. Жаңадан анықталған жағдайлардың 87%  парентеральды жолға, ал 13% - жыныстық қатынасқа тиесілі.

Анықталған жағдайлардың 80% - дан астамы тергеу изоляторына келеді, өйткені ТИ-на белгілі жолдардың бірімен жұқтыруы мүмкін социумнан келіп түседі.

 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» № 508 бұйрыққа сәйкес, қамауда отырған адамдар және сотталғандар тергеу изоляторларына, түзету мекемелеріне келіп түскен кезде, түскеннен кейін 6 айдан соң, босатылу алдында және мекемеде болу кезінде қалауы бойынша АИТВ инфекциясының бар-жоғына тексеріледі.

Қазіргі таңда Нұрсұлтан қаласы пенитенциарлық мекемелерінде 53 АИТВ инфекциясын жұқтырғандар бар. Олардың 87 % вирусқа қарсы ем қабылдайды, соның нәтижесінде қазіргі уақытта АИТВ инфекциясынан өлім әлдеқайда азайды. Әрине, сотталғандар арасында антиретровирустық терапияны үзу фактісін жоққа шығаруға болмайды, оның негізгі себебі болып қамау мерзімінің аяқталуына байланысты басқа өңірлерге кету және препараттарды қабылдау режимінің сақталмауы табылады.

Қазақстан Республикасында 2005 жылдан бастап мемлекетпен АИТВ жұқтырғандарды, оның ішінде пенитенциарлық жүйедегі АИТВ бар сотталған адамдарды антиретровирусқа қарсы препараттармен тегін емдеуге кепілдік берілген.

Емдеу схемалары иммундық мәртебені, ілеспелі және оппортунистік ауруларды ескере отырып жеке түрде тағайындалады. Схемалар бойынша емдеу өмір бойы жүргізіледі. Емдік табысқа жоғары бейілділікте, яғни емдеу режимін қатаң сақтау және дәрігердің тағайындауларын орындау кезінде қол жеткізіледі.

Қамаудағылар арасында АИТВ инфекциясының және басқа да инфекциялардың берілу қаупінің жоғары болуы мемлекет тарапынан белгілі бір қадамдарды талап етеді. Түрмелерде зиянды азайту жөніндегі бағдарламалардың болмауы сотталғандар арасында АИТВ инфекциясының таралу проблемасын күрделендіреді.  Есірткілік тәуелділіктен зардап шегетін қамаудағылар инъекциялық есірткіні қолданған кезде инелер мен шприцтердің тапшылығын сезінеді. Түрмелерде шприцтер жоқ, сондықтан сотталғандар оны үнемі бірге және бірнеше рет пайдаланады, бұл АИТВ және басқа да жұқпалы аурулардың берілу қаупінің жоғары болуына әкеп соғады.

Үкімет шұғыл түрде пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі бағдарламалар қабылдап, оның ауқымын кеңейтуі тиіс. Мұндай бағдарламалар түрмелерден тыс жерлерде қолданылатын АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі барлық шараларды іске асыруды көздеуі тиіс, атап айтқанда:

- АИТВ-ның алдын алу жөнінде ағарту, ақпараттық-білім беру шараларын (АБШ) үнемі өткізу;

- презервативтерді, дезқұралдарды, АБШ-ны (буклеттер, брошюралар, парақшалар, плакаттар) тарату;

- есірткіге тәуелділікті емдеу, атап айтқанда алмастырушы терапияны пайдалану;

- есірткіге сұранысты қысқарту және оларды ұсыну бойынша шаралар қабылдау;

- "зиянды төмендету" бағдарламасын енгізу;

- жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтау және емдеу бағдарламаларын жүзеге асыру.

Осы шаралардың барлығын қабылдау пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-ның қауіп-қатер деңгейі мен берілуін төмендетуге ықпал етеді. Сайып келгенде, қамаудағылардың көпшілігі қандай да бір сәтте пенитенциарлық мекемелерден кетіп, өз қауымына қайта оралуына байланысты, бұл шараларды жүзеге асыру қамаудағылар үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін де қолайлы болып табылады.

 

Астана қаласының «ЖИТС-тың алдын алу

және оған қарсы күрес орталығы»

МКҚК –ның  маманы Тулепбаева Э.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.