«САРЫАРҚА» ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ УАҚЫТЫНДА АЯҚТАЛДЫ – «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»

«САРЫАРҚА» ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ УАҚЫТЫНДА АЯҚТАЛДЫ – «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Сарыарқа» газ құбырының «алтын бөлігін» дәнекерлеу рәсіміне қатысты, құбырдың желілік бөлігінің құрылысы ресми түрде аяқталды. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1061,3 км құрайды және 171 елді мекенді қамтиды. Жобаның құны – 267,3 млрд.теңге.

Шараға сондай-ақ Энергетика министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдік өкілдері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Еуразиялық даму банкі»  қатысты. Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Ауқымды жобаны қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» қоры белсене қатысты, құрылыс мердігері «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ, операторы – «Астана Газ ҚМГ».

Айта кету керек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы желісі бойынша жобаның желілік бөлігінің құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Осылайша, құрылысшылар 8 айдың ішінде Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау –Нұр-Сұлтан бағыты бойынша газ құбырын тартты.

Салтанатты рәсім барысында Ахметжан Есімов құрылысқа оң баға беріп, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етудің, көмірден жылу беру нысандарын газға көшірудің, сондай-ақ газ құбыры өтетін облыстардың экологиясын жақсартудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы аясында салынған газ құбыры еліміздің Орталық Қазақстан мен астанасын ортақ газ тасымалдау желісімен байланыстырды. Бұл бір жылдан аз уақыт ішінде салынған тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба»,- деді Ахметжан Есімов.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен жұмыстың атқарылғанын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті-газды қала ішінде бөлу.

Жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол) дейін газ тарату желілеріне газ беруді көздейді. 1 кезең аяқталған соң 13,5 мың үйдің тұрғындары газбен қамтылады.

Жобаның екінші кезегі-Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4 ПК) елді-мекендері газбен қамтылады. Ал үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) елді-мекендері газдандырылады.Пайдалануға берілгеннен кейін газ құбыры газ тасымалдауды жүзеге асыруға «Интергаз Орталық Алия» АҚ-на (ИОА) жалға беріледі.

 

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.