«Шынықсан шымыр боласың»
2019 жылғы 6-қазан күні, Нұр-Сұлтан қаласы "Триатлон паркінде", "Жастар жылы" аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен "Jas sarbaz - Jastar jylynda" жобасына орай, Елордамыздағы "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында, 4 және 8 шақырымға жүгіруден жарыс өткізілді. Үздік көрсеткіш көрсеткен "Жас сарбаз" тәрбиеленушілеріне бағалы сыйлықтар: қолсағаттар, повер банк – мобильдік аккумуляторлар берілді. Жарыстарға 400-ден астам оқушылар қатысты.
- Осындай іс-шаралар өсіп келе жатқан жас ұрпақты шынықтырып, денсаулықтарын нығайтып, төзімділігін арттырып, жастарымызды – еліміздің патриоттарын шыңдай түсуге көп көмегі тиеді. Қазіргі 21-ғасырдағы гаджеттерге тәуелді болып үйден шықпайтын оқушыларды да ширатуға пайдасы мол – дейді Республикалық "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жетекшісі Асхат Налшыбек.
[xfvalue_img]