Қостанай өңіріндегі «Қостанай-Денисовка» автожолы бойынша жол қозғалысы уақытша өзгертілді
Республикалық маңызы бар А-22 «Қарабұтақ-Комсомольский-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 389-515 шақырым аралығы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылғандықтан, 2 учаске бойынша уақытша айналма жол ашылды.
Перелески кенті (427 км) мен Лисаковск қаласының (434 км) аралығында ұзындығы 7 шақырым айналма жол ашылды. Ал екінші учаске бойынша ұзындығы 5 шақырым айналма жол Алчановка кенті (398 км) мен Денисовка кентінің (403 км) арасында орналасқан.
Сонымен қатар, Қостанай өңірінің М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» тас жолындағы күрделі жөндеуге байланысты жүру бөлігі уақытша жабылды. Сондықтан жүргізушілер Севастопольский кентінің маңындағы ұзындығы 10,7 шақырым уақытша айналма жол арқылы жүре алады.
Барлық айналма жолдарда жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс. Жабық жол учаскелерінде арнайы жол белгілері орнатылған.
[xfvalue_img]
15 пікір