Полицейлер бұрынғы жұмыс берушісін тонаған үй қызметшісін ұстады
Полицияға қала тұрғыны белгісіз тұлғалардың оның пәтерінен жеке мүлкін ұрлағаны туралы арызданған. Қылмыскерлер сомасы 11 млн. теңгеден астам мүлікті ұрлағаны анықталды. Ұрылар бағалы заттар мен танымал брендті сөмкелерді ұрлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы тұлғаны анықтап, ұстады. Ұсталған адамның бұрын бір ай жәбірленушінің үйінде үй қызметшісі болып жұмыс істегені анықталды және сол уақыт аралығында ол кірер есіктің кілтінің телнұсқасын жасатып алған. Ұрлық жасау жоспарын бірнеше ай ойластырып жүріп, қылмыс жасауға нақты дайындалған. Бейнебақылау камералары объективіне түсіп қалмау үшін ол бетін күннен қорғалатын көзілдірікпен және бейсболкамен жапқан.
Күдікті ұрланған заттарды сатуға үлгермеген, полицейлер оны толық тәркіледі және иесіне қайтарды.
Қазіргі уақытта «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ұсталған уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]