2019 жылғы 1 шілдеден бастап тұрмыстық техниканы, қант шикізатын өткізу «Виртуалды қойма» модулі арқылы жүзеге асырылады
Мемлекеттік кірістер комитеті ««Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына сәйкес «Виртуалды қойма» модулі мынадай тауарлар санаттарына:
- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – автокөлік құралдарына, сондай-ақ ҚҚС бойынша бақылау шоттары қолданылған жағдайдағы тауарларға;
- 2019 жылғы 1 шілдеден бастап – қант-қант шикізатына, тоңазытқыштарға, теледидарларға;
- 2019 жылғы 1 қазаннан бастап – шаңсорғыштарға, электрлі қыздырғыш кедергілеріне, фотокамераларға қолданылатынын хабарлайды.
«Виртуалдық қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі Комитеттің http://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1 порталында жарияланған.
Бұл ретте «Виртуалды қойма» модулінде электронды шот-фактуралар жазып беру мынадай екі тәсілмен:
- «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login web-қосымшасы;
- «Виртуалды қойма» модулін http://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web-prilozheniya-elektronnye-scheta-faktury-s-modulem-virtualnyy-sklad-1 салық төлеушілердің есепке алу жүйесімен интеграциялаудың АPI-механизмі арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]